«Подходы к оцениванию учебных достижений учащихся» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 30 қараша күні Тараз қаласы А.С.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясының базасында «Подходы к оцениванию учебных достижений учащихся» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері мен аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған облыстық семинар-практикум өтті.
Аталған іс-шараға 78 педагог қатысты.
Іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңартылған білім беру бағдарламасының тәжірибеде қолдану барысы бойынша 2 сыныптардың математика, орыс тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану, жаратылыстану, көркем еңбек пәндерінен ашық сабақтар ұйымдастырылды. Сондай-ақ сабақтың мақсаты бойынша бағалау критерийлерін құру, бағалау критерийлерінің негізінде тапсырмаларды таңдау, тапсырманың мазмұнына сәйкес дескриптор құру, оқытудың белсенді әдістері, қалыптастырушы бағалау мен кері байланысты жүргізудің тиімді жолдары, сабақтағы оқушы рефлексиясы және сабақтан кейінгі мұғалімнің рефлексиясы бойынша жұмыс түрлері ұсынылды.
Семинардың соңында мұғалімдер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға нақты жауап алды.