БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

«Білім алушылардың аутодеструктивті мінез-құлықтарын алдын - алу бойынша педагог-психолог қызметін ұйымдастыру жолдары» тақырыбында  онлайн  режимінде облыстық  семинар өтті

2018 жылдың 12 қараша  күні   www.sabak.kz  сайты,  Zhambil_obl_UMC бөлмесінде  «Білім алушылардың аутодеструктивті мінез-құлықтарын алдын - алу бойынша педагог-психолог қызметін ұйымдастыру жолдары» тақырыбында  облыстық онлайн режимінде  семинар  өтті.  Аталған іс-шараға директордың  құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтар, барлығы 1108  педагог  қатысты.  

Семинарға қатысушылар мектептегі-психологиялық қызметті жетілдіру барысында психологиялық қызметтің негізгі жұмыс бағыттары бойынша  әдістемелік көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе  алмасты  және таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.

«Жазғы мектеп» жобасы аясында тарих пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2018 жылдың 9 қарашасында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық  дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған    «Білім–Инновация» мектеп-интернатының озық тәжірибелі мұғалімдері «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тарих пәнін оқытуда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру», «Жаңартылған білім бағдарламасы: тарих пәнін тарихи концептілер арқылы оқыту» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын өткізді. Аталған іс-шараға облыстың 345 педагогі қамтылды.

Сарысу мен Шу аудандарында әдістемелік десанттар өтті

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 2018 жылдың 9 қараша күні Сарысу мен Шу аудандарының әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.

Іс-шара барысында мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 141 педагогқа әдістемелік көмек көрсетілді.

Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.

Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудің мониторингі  жүргізілді

ҚР Білім және ғылым министрінің тапсырмасы бойынша Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық білім академиясы 30 пилоттық мектептің 4-сыныптарында оқу бағдарламалары  мен оқулықтарын апробациялаудың мониторингін  және жалпы білім беретін мектептердің 3, 6, 8 сыныптарында жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудің мониторингін 5-9 қараша күндері аралығында   жүргізді.

Іс-шара  барысында 3, 6, 8 сыныптарға  сабақ беретін  мұғалімдеріне сабақты жоспарлау  үдерісінің ерекшеліктері, берілген тапсырмаға сәйкес қалыптастырушы бағалау мен кері байланысты жүргізу жолдары, сабақтағы оқушы рефлексиясы мен сабақтан кейінгі мұғалімнің рефлексиясы бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Дөңгелек үстел өтті

2018 жылдың 9 қарашасында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің базасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы                 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында «Елбасы Жолдауы: ұстаз беделі мен мәртебесі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге білім басқармасының мамандары, ЖОО-ның ғалымдары, мектеп директорлары, жалпы білім беретін мектептердің педагогтары барлығы 60 адам қатысты.