Қордай ауданында әдістемелік десант өтті
Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні Д.Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназиясының базасында «Білім сапасын арттырудың негізі – нәтижеге бағытталған білім» атты облыстық әдістемелік десант өтті.
Шара мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.
Әдістемелік десантқа мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері, барлығы 348 педагог қатысты.
Секция жұмыстарында қорытынды аттестаттау мен ҰБТ бойынша білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар, психологиялық тренингтер өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.
«Алғысым шексіз сіздерге» атты облыстық фестиваль өтті
«ҰБТ-ге дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және психологиялық қолдаудың элементтері» тақырыбында облыстық тренинг өтті
«Жатақхана Life», «Ашық есік күні» өтті