Байзақ ауданында әдістемелік десант өтті
Мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге дайындығы мен оқыту сапасының деңгейін арттыру бойынша қадамдық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылдың 13 ақпанында Сарыкемер мектеп-гимназиясының базасында «Білім сапасын арттырудың негізі – нәтижеге бағытталған білім» атты әдістемелік десант өтті.
Әдістемелік десантқа мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология, тарих, география, информатика, психологтар), барлығы 321 педагог қатысты.
Секция жұмыстарында қорытынды аттестаттау мен ҰБТ бойынша білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар, психологиялық тренингтер өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

І Республикалық математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің ашық шығармашылық байқауында 2 педагог жеңімпаз атанды
«PISA және TIMSS халықаралық зерттеулері: дайындық жұмыстары мен зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинары өтті
«Критериалды бағалау – оқу үрдісіндегі маңызды фактор» тақырыбында әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар-практикум өтті