«Ұлы Жеңіс тарихы: тарихи сана мен даңқты батырларымыздың ерлігі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті
2025 жылдың 6 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай Ұлы Жеңіске үлес қосқан батырлардың ерлігі мен қайсарлығын, ұлтжандылық рух пен ұрпақтар сабақтасытығын насихаттау мақсатында тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Ұлы Жеңіс тарихы: тарихи сана мен даңқты батырларымыздың ерлігі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында есімдері тарих бетіне жазылған Кеңес Одағының батырлары Бауыржан Момышұлының, Ақәділ Суханбаевтың, Халық қаһарманы Ыбырайым Сүлейменовтың және қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі, даңқты батырларымыз бен жерлестеріміздің, қазақстандықтардың майдан мен тылдағы өшпес ерліктері туралы ғалымдардың пайымдары айтылып, ел тарихындағы батырларымызға құрмет көрсетіліп, тұлғалардың өмірдеректері, ерліктері жайлы тың деректер ұсынылды.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәнінің мұғалімдері, барлығы 138 педагог қатысты.