БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӘКІМШІЛІГІНЕ «БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА ТРЕНДТЕРІ» АТТЫ ОНЛАЙН ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯ ӨТТІ
2021 жылдың 19 тамызында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен ҚР БжҒМ Білім беруді цифрлық трансформациялау департаментімен бірлесе отырып, мектеп әкімшілігі, педагогтер, колледж басшылары мен оқытушылары үшін Тамыз кеңесі шеңберінде «Білім беру жүйесіндегі цифрландырудың жаңа трендтері» атты онлайн панельдік сессиясы өтті.Онлайн сессияға 660-тан астам білім қызметкерлері мен білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Е.Бекбатырова қатысты.
Панельдік сессия жұмысы барысында мамандандырылған білім беру ұйымдары басшыларының және жетекші практик мұғалімдердің жұмыс тәжірибесі таратылды.
ҚР БҒМ Білім беруді цифрлық трансформациялау департаменті цифрлық даму басқармасының басшысы Жүсіпова Гүл Ғабдулуалитқызы «Цифровые тренды развития Образования» тақырыбында баяндама жасады. Әзірлеуші-әдіскер STEAM.kz, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Мұрат Бегайым Мұратқызы «МЖМБС стандарттары бойынша Digital STEAM» баяндама жасаса, "R4 Technology and Research Center" зерттеулер бөлімінің басшысы Алимжанов Дархан Аманжолович «Цифрлық/сандық дағдыларды енгізудің тиімді әдісі» тақырыбында іс-тәжірибе бөлісті. IoT Board әзірлеу бөлімінің басшысы Тажиханов Мардонжон Азаматұлы «Робототехниканы оқытуды қалай жеңілдетуге болады» тақырыбымен ақпараттандыру саласындағы тың жаңалықтармен бөлісті. Жоба менеджері, BTS Education әзірлеушісі Тимур Бектұр «Білім беру жүйесіндегі кәсіптік бағдар беру бойынша цифрлық шешімдер» тақырыбында кәсіби бағдар беру бойынша ақпараттармен таныстырды.
Білім қызметкерлері үшін панельдік сессия тың ақпараттарымен, мазмұндылығымен ерекшеленді.
«Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың математикалық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен математика пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.
«Жалпы орта білім беру мекемелерінде тарих пәнін оқытудың ерекшеліктері мен міндеттері» тақырыбында аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.
«Өлкетану. Экология. Туризм» тақырыбында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының өлкетану, экология және туризм бағыттары бойынша жұмыс жүргізетін білім қызметкерлеріне арналған облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.
Облыстық тамыз кеңесі аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің секциялық отырысы өтті