«Қашықтықтан оқытуға арналған онлайн-платформалардың оқу материалдарымен жұмыс істеу әдістемесі» тақырыбында семинар-тренинг өтті
Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылдың 21 сәуір күні білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлеріне арналған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бір бағыты зерделенген, жинақталған тәжірибені жалпы білім беру ұйымдарына тарату және соның ішінде мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру, қазіргі заманауи кітапханаларға қойылатын талаптар мен әдіс-тәсілдерді игеру, қазіргі кездегі әлемдегі өзгерістерге байланысты қашықтықтан оқу процесін қолдау, сүйемелдеу мақсатында «Қашықтықтан оқытуға арналған онлайн-платформалардың оқу материалдарымен жұмыс істеу әдістемесі» тақырыбында онлайн режимінде семинар-тренинг өтті.
Аталған іс-шараға аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен 100 кітапхана қызметкерлері қатысты.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті мен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 22 сәуірінде мектеп бітірушілерге арналған «ТжКББ-де кәсіптік бағдар жұмыстарын тиімді ұйымдастыру арқылы мектеп бітірушілерінің жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру» тақырыбында онлайн іс-шара өткізілді.
«Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысы аясында
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 21 сәуір күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Мектептегі психологиялық қызметтің маңыздылығы және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтарының озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға 93 педагог қатысты.
Ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді