«Жазғы мектеп» жобасы аясында ағылшын тілі мен тарих пәндері мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті
2018 жылдың 19-20 қыркүйегінде zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация», облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаттарының озық тәжірибелі мұғалімдері «Digital Literasy» инновациялық технологияларды тиімді пайдалану», «Бағалаудың дұрыстығы мен сенімділігі», «Оқушының көшбасшылық қабілетін арттыру», «Тарих пәнінен оқушы белсенділігі мен шығармашылығын арттыруда сын тұрғысынан ойлау әдістерінің тиімділігі» тақырыптарында ағылшын тілі, тарих пәндерінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын өткізді. Аталған іс-шараға облыстың 1309 педагогі (ағылшын тілі пәнінен – 723, тарих пәнінен - 586) қамтылды.