Пән мұғалімдеріне арналған секциялық отырыстар өткізілді
2018 жылдың 14 тамызында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда белсенді оқыту әдістерін қолдану», «Критериалды бағалау-оқытуға ынталандырудың өсу жағдайы», «Оқу жетістіктерін критериалды бағалау-оқушылардың құзыреттілігін арттыру қоры ретінде» тақырыптарында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде секциялық отырыстар өткізілді. Секция отырыстарына барлығы – 2187 педагог (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен – 918, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен – 705, ағылшын тілі пәнінен -564) қамтылды.