ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

ETANDAU.GOV.KZ автоматтандырылған жүйесін түсіндіру бойынша семинар өтті

🔹Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен "Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтары мен ОӘК таңдау" Электрондық платформасы бойынша семинар өтті. Іс-шараны басқарманың бас маманы Бектаева Шынар Сералықызы өткізді.

✅Семинарға білім бөлімдерінің жауапты мамандары қатысты.

📌Семинар барысында электрондық платформасын пайдалану бойынша мектеп директорлары, әдістемелік бірлестік басшылары, мұғалімдер және кітапханашылар үшін жадынамалар таратылды. Сондай-ақ, мамандарға аталған жүйені қолдану толық түсіндірілді. Мамандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, пікір алмасты.

«Ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының қозғалыс дағдыларын дамыту жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2024 жылдың 13 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен онлайн режимінде аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған «Ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының қозғалыс дағдыларын дамыту жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Іс-шараның мақсаты – дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу.
Семинар-практикум барысында педагогтерге дене шынықтыру сабағында бастауыш сынып оқушыларының қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындардың әдіс-тәсілдері туралы ақпараттар берілді. Іс-шараға барлығы 47 педагог қатысты.

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы мен Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалымен бірлесіп, 2024 жылдың 5 наурыз күні «Сабақты зерттеу (Lesson Study) - серіктестік мектептерге кәсіби қолдау көрсетудің тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Іс-шараға аудандық, қалалық әдістемелік кабинет әдіскерлері, мектеп директорларының оқу ісі жұмыстары жөніндегі орынбасарлары мен мектеп тренерлері, барлығы 150 адам қатысты.
Облыстық семинарда Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының аға менеджері А.Тоқтағанова мен А.Джурунова сабақты зерттеу тәсілінің модельдері, зерттеу сұрағын құрылымдау, зерттеу мақсаты мен сабақты өткізу, бақылау, талқылауды жүргізу жолдарына тәжірибеден мысалдар келтірілді. Зерттеу сабағын талдау модельдері, рефлексиялық жазба жазу қадамдарында қолданылатын тәсілдер ұсынылып, Сабақты зерттеуді деректер негізінде талдау бойынша қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетілді.

Облыстық тәжірибелік семинар өтті

2024 жылдың 12 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы мен «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың» ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 наурызында «Ерекше жандармен қарым-қатынас» тақырыбында инклюзивті білім беретін педагогтер үшін тәжірибелік семинар өтті. Аталған іс-шараға 35 педагог қатысты.
Семинар барысында көру қабілеті бұзылған азаматтардың қарым-қатынасының негізгі принциптері, дербестік деңгейін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау, таяқпен жүрудің техникасы мен ережелері өз бетінше және нәтижелі жұмыс істеуді үйретудегі әдіс-тәсілдерді пайдаланудың маңыздылығы түсіндіріліп, ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.

«СабақTime» жобасы аясында «Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі» тақырыбында семинар-практикум өтті

Облыстық оқу-әдістемелік орталығы «СабақTime» жобасы аясында 2024 жылдың 12 наурыз күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі» тақырыбында семинар-практикум өтті.
«СабақTime» жобасынның тәжірибелік бөлімінде Байзақ ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясының мұғалімі А.Имамбекова 4 «Ә» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Жер ғаламшарына қамқорлық жасаймыз», Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Г.Талипбекова 4 «А» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Жердің жүрегін тыңдайық», Тараз қаласы №8 гимназиясының мұғалімі Ж.Ауелбекова 1 «А» сыныбында ана тілі пәнінен «Наурыз. Сөйлемдегі сөздердің байланысы», Тараз қаласы №40 гимназиясының мұғалімі А.Намазбаева 1 «Е» сыныбында «Решение задач и уравнений», Тараз қаласы №12 мектеп-гимназиясының мұғалімі М.Каработонова 4 «Б» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Жердің жүрегін тыңдайық. Жер ғаламшарына қамқорлық жасаймыз», Тараз қаласы №40 гимназиясының мұғалімі Т.Пименова 4 «Б» сыныбында орыс тілі пәнінен «Глагол. Обобщение. Умная страничка» тақырыптарында ашық сабақтар өтті.
Аталған іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар үлгілерін көрсете отырып, оқушылардың кең ауқымды дағдыларды арттыруға бағытталған тапсырмаларды тиімді қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасты.
Семинар-практикумға 48 педагог, 152 оқушыға жуық қатысты.