ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

«География сабақтарында АКТ - ны қолдану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған семиннар өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 наурыз күні «География сабақтарында АКТ - ны қолдану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті.
Облыстық іс-шара барысында мұғалімдерге география сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдары көрсетілді.
Аталған іс-шараға барлығы 162 педагог қатысты.

«Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері пәндерінен білім алушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2024 жылдың 12 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері пәндерінен білім алушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Вебинар барысында педагогтерге тарих пәнінен білім алушыларды тестілеуге дайындаудың тиімді жолдары, тест түрлері мен контекстік тапсырмалардың ерекшеліктері, тест спецификациясы, оқулықтар, тест нұсқалары, дайындық жұмыстарының бағыттары, тарихи құжаттар, карта, деректер мен сызбалармен жұмыс түрлері бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәнінің және «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің мұғалімдері, барлығы 189 педагог қатысты.

«Қазақ тілі» пәнінен қорытынды аттестаттау тапсырмаларының ерекшеліктері», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен аралық аттестаттау тапсырмаларын құрастырудың ерекшеліктері» тақырыптарында облыстық вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 11 наурыз күні «1+10 шеберлік мектебі» жобасы аясында педагог-модераторлар үшін «Қазақ тілі» пәнінен қорытынды аттестаттау тапсырмаларының ерекшеліктері», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен аралық аттестаттау тапсырмаларын құрастырудың ерекшеліктері» тақырыптарында облыстық вебинар өтті.
Іс-шара барысында Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев атындағы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі З.Үсенбаева 9-сыныптардағы қорытынды аттестаттаудың талаптарын, емтихан жұмысының сипаттамасын, балдар мен бағаларды қою үдерісін, емтихан барысында келетін тапсырмалармен жұмыс түрлерін көрсетсе, Меркі ауданы, И.Трубицын атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Бектіғұлова академиялық жыл аяқталған кезде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі» және оқыту өзге тілде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша МЖМБС-қа (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша нысанда өтетіндігіне тоқталды. Әрбір дағдыға сәйкес нақты оқу мақсаттары талданып, әдістемелік ұсынымды тиімді қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасты.
Аталған іс-шараға 60 педагог қатысты.

«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика пәнінен сабақ беретін жас мамандарға семинар өтті

2024 жылдың 6 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Зерде» жобасы негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандардың өзара тәжірибе алмасу арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының озық тәжірибелі математика пәнінің мұғалімдері «Математикалық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды шығару практикумы», «Оқушыларды ҰБТ-ға жүйелі дайындау алгоритмі», «Система подготовки учеников к МОДО» тақырыптарында математика пәнінен сабақ беретін жас мамандарға семинар өтті.
Семинар барысында оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмалардағы проблемаларды анықтау, талдау және ББЖМ-де,ҰБТ-да кездесетін есептерді орындаудың тиімді жолдары мен шешудің әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы ұсынымдар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Педагогтер өзара іс- тәжірибесімен бөлісті.
Аталған іс-шараға облыстың 189 педагогі қатысты.

«Математикалық регата» олимпиадасы өтті

2024 жылдың 5 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен математика пәнінің мұғалімдері арасында «Математикалық регата» облыстық олимпиадасы өтті.
Педагогтердің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру, озық тәжірибені анықтау мақсатында өткізілген олимпиадаға облыстың математика пәнінен сабақ беретін 19 мұғалімі қатысты. Олимпиаданың 4 кезеңінде 3 есептен (алгебралық, геометриялық, логикалық) жалпы 12 тапсырма қамтылды.
Олимпиаданың нәтижесінде І орынды Тараз қаласы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің математика пәнінің мұғалімі Д.Бәйдібек, ІІ орынды Тараз қаласы "125 Education" ЖШС орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі А.Әзімжанов және облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Н.Серікбаев, ІІІ орынды облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей- интернатының математика пәнінің мұғалімі Н Давлетбаев, Байзақ ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы гимназияның математика пәнінің мұғалімі М.Ерманова, Сарысу ауданы Д.Сенбин атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Е.Нурланбаев және Мойынқұм ауданы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебі математика пәнінің мұғалімі Г.Балыкбаева иеленді. Алғысхатпен облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Р.Тұрғанбаев, Меркі ауданы №17 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі И.Кудаева, Талас ауданы Б.Әлменұлы атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі М.Избасов, Т.Рысқұлов ауданы А.Шынасилов атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Г.Самбеткулова марапатталды.
Педагогтерді жеңісімен құттықтаймыз!