ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
Қашықтан оқыту жағдайында мектепті басқару жүйесінің сапалы ұйымдастырылуы, білім сапасын арттырудың тиімді жолдары бойынша әдістемелік көмектер көрсету, жас мектеп басшыларының басқару мәдениетін дамыту, ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2021 жылдың 27 қаңтарында «Мектеп басшыларының ақпараттық комуникативтік құзыреттілігін дамыту бағытындағы креативті жобалары» атты облыстық онлайн тәжірибелік семинар өтті.
Аталған іс-шараға мектеп әкімшілігімен жұмыс жүргізетін жауапты әдіскерлер, жаңа тағайындалған мектеп директорлары, барлығы 198 адам қатысты.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 13 тамыз 2020 жылғы №345
оқыту жағдайында мекемені басқаруды тиімді ұйымдастырылуы, білім сапасы: сандық және сапалық талдау, сапаны бақылау өлшемдері, Білім беру үдерісін басқаруды ақпараттық сүйемелдеу тәсілдері, мұғалім портфолиосы сандық үдерісте, яғни, мектеп портфолиосы бөлімдерін қалыптастыру алгоритмі бойынша ақпараттық-әдістемелік құзыреттілін дамыту бағытында креативті жобаларды қолдану шеберлігімен тәжірибе алмасып, әдістемелік көмек берілді.