«Жасөспірімдер арасындағы тұлғааралық қақтығыстарды шешу мен алдын алу шараларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында онлайн режимінде облыстық вебинар өтті
2020 жылдың 29 желтоқсан күні директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілерге, педагог психологтар мен әлеуметтік педагогтарға арналған «Жасөспірімдер арасындағы тұлғааралық қақтығыстарды шешу мен алдын алу шараларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында облыстық вебинар zoom платформасында өтті. Аталған іс-шараға барлығы 247 педагог қатысты.
Семинарға қатысушылар құқықтық тәрбие бағыты бойынша әдістемелік көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты.