Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері үшін әдістемелік секция отырысы өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 9 тамыз күні аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне 2024-2025 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қатысты мәселелер, соның ішінде жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, ағылшын тілі пәнін оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда «Жасанды интеллектінің» маңыздылығы мен біртұтас тәрбие бағдарламасын талқылау, пәндер бойынша оқу бағдарламаларының оқыту мақсаттарын пысықтау, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмысты пысықтау мақсатында «Ағылшын тілі пәнін оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» атты әдістемелік секция отырысы өтті. Әдістемелік сессия отырысында «Ағылшын тілі пәнін оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» әдістемелік нұсқау хат бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Пән мұғалімдеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді. Аталған іс-шараға барлығы 1160 педагог қатысты.