Облыстық вебинар өтті 
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 қыркүйек күні Мерке, Т.Рысқұлов, Қордай аудандарының жалпы білім беретін мектептеріндегі арнайы мамандар мен инклюзивті білім беретін педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыру» тақырыбында облыстық вебинар өтті. 2024-2025 оқу жылындағы ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың оқу-тәрбие процесін реттейтін нормативтік құжаттар (ондағы өзгерістер мен толықтырулар), жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыру, білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қызметті қолдау, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды ағымдағы бағалау, мектепте инклюзивті мәдениетті қалыптастыру, арнайы білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері (оқыту және тәрбиелеу, оқу жоспары мен бағдарламаларын іске асыру) туралы әдістемелік ұсынымдар берілді. Іс-шараға 463 педагог қатысты.








