«Аралық аттестаттау: әдістемелік ұсыным талаптары мен негізгі принциптері» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне
облыстық онлайн семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 18 сәуірінде білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарын меңгерту бойынша 5-8, 10 сыныптарда өтетін аралық аттестаттау ерекшеліктерін меңгерту мақсатында «Аралық аттестаттау: әдістемелік ұсыным талаптары мен негізгі принциптері» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне облыстық семинар өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 4 сәуірінде Астана қаласында өткен «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың жаңа парадигмасы: білім сапасы және зияткерлік әлеует» атты республикалық семинар-кеңесі барысында қабылданған ұсынымдар талданды. Аралық аттестаттаудың мақсаты мен міндеттері мен емтиханды өткізу талабына тоқталды.
Емтихан тапсырмаларын орындау қадамдарын түсіндіріп, мәтінге қойылатын талаптарды баяндады. Облыстық онлайн семинарға 110 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.







