ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
2025 жылдың 22 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі» атты облыстық оқыту семинары өтті.
Іс-шараға 297 директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Іс-шара барысында қатысушыларға "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық-әдістемелік көмек берілді.
Сонымен қатар, мектеп тәжірибесінде қорытынды аттестаттаудың жүйелі өткізілуі бойынша мемлекеттік емтихандарға оқушыларды дайындау түрлері, топтық және жеке дайындық, логикалық сұрақтарды талдау, күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар, сұрақтармен жұмыс жүргізуде тиімді тәсілдерді қолдану туралы мазмұнды ақпараттар ұсынылды.
Семинар қорытындысында қатысушыларды ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеу бағытындағы материалдар таратылды.

