Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 14 сәуір күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Мектептегі психологиялық қызметтің маңыздылығы және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтарының озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға 126 педагог қатысты.
Мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, озық идеялы тәжірибені тарату, әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.
Іс-шара барысында ІХ Республикалық «Жылдың үздік психологі 2020» байқауының жеңімпазы, Тараз қаласы, №24 мектеп-гимназиясының педагог-психологі А.Жандарова және VІ Республикалық «Жылдың үздік психологі 2017» байқауының жеңімпазы, Меркі ауданы, №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының педагог-психологі Р.Молдобекова іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 14 сәуірінде бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.
«Білім беру мекемелеріндегі дебат қозғалысы: бүгіні мен болашағы» тақырыбында облыстық вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 13 сәуір күні білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету, инновациялық қызметтерін дамыту, шығармашылық шеберліктерін арттыру мақсатында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Қашықтықтан оқыту жағдайында тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру және оны жетілдірудің инновациялық жолдары /НЗМ тәжірибесі/» тақырыбында онлайн режимінде облыстық вебинар өтті. Аталған іс-шараға барлығы 148 педагог қатысты.
«Развитие навыков грамотности чтения на уроках русского языка и литературы» тақырыбында облыстық вебинар өтті