Облыстық онлайн вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 2 сәуір күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне арналған «Педагогтарға әдістемелік көмек көрсетудің тиімділігі» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн вебинар өтті.
Іс-шара барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерова аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне «Оқуға құштар мектеп» жобасын және даталы күндерге іс-шаралар ұйымдастыру, педагогтердің кәсіби біліктіліктерін арттыру, ұйымдастырылған оқу қызметінің және іс-шараларға дайындық жұмыстарының жүйелі жүргізілуі туралы ұсыныстар айтты.
Сондай-ақ, Қордай, Шу аудандары білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мектепке дейінгі ұйымдарға, педагогтерге көрсетіліп жатқан ақпараттық-әдістемелік қолдау бағыттары бойынша іс-шаралар туралы әріптестерімен тәжірибе алмасты.
«Рухани-адамгершілік құндылықтар мен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық педагогикалық оқулар өтті
ОБЛЫСТЫҚ ОНЛАЙН-КЕҢЕС ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 1 сәуір күні білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету, инновациялық қызметтерін дамыту, шығармашылық шеберліктерін арттыру мақсатында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Қашықтықтан оқыту жағдайында тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру және оны жетілдірудің инновациялық жолдары /НЗМ тәжірибесі/» тақырыбында онлайн режимінде облыстық вебинар өтті. Аталған іс-шараға барлығы 117 педагог қатысты.
Авторлық бағдарлама құрастыру туралы дөңгелек үстел өтті.