Әдістемелік десанттар өтті
Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 2019 жылдың 12 наурыз күні Жамбыл, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас аудандары мен Тараз қалалық әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.
Іс-шара барысында мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 325 педагогқа әдістемелік көмектер көрсетілді.
Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.
«ОЖСБ-ға дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және психологиялық қолдаудың элементтері» және «Аутодеструктивті мінез-құлықтың туындау себептері мен болдырмаудың алдын алу алгоритмі» тақырыптарында онлайн режимінде облыстық семинар-тренинг өтті
«Жеке тұлға қалыптастыруда ұлттық тәрбие берудің негізгі ұстанымдары» тақырыбында шеберлік сынып өтті
Облыстық «Б.Майлиннің шығармашылығын зерттеудің заманауи жолдары мен жаңа көзқарастар» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында ғылыми жоба байқауы өтті