“Развитие автономности у учащихся и эффективные методы преподавания ключевых речевых навыков на уроках английского языка” тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті InterPress әдістемелік кеңес беру орталығымен бірлесіп ұйымдастырған ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне және әдіскерлеріне Тараз қаласының Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының базасында “Развитие автономности у учащихся и эффективные методы преподавания ключевых речевых навыков на уроках английского языка” тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – пән мұғалімдерін тиімді технологиялар мен оқыту әдістерімен таныстыру Oxford University Press баспасы әзірлеген жаңартылған мазмұндағы 9 сыныптарға арналған оқулық пен жұмыс жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Семинар-тренингті Oxford University Press баспасының халықаралық оқытушысы Пол Вудфолл (Paul Woodfall) жүргізді. Іс-шараның қорытынды бөлімінде қатысушыларға Oxford баспасының сертификаттары беріліп, көрнекі құралдар таратылды.
Аталған іс-шараға Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарынан барлығы 30 педагог қатысты.
«Қысқы мектеп» жобасы аясында информатика пәнінің мұғалімдеріне дәріс өтті
«Мектеп кітапхана жұмысын инновациялық бағытта ұйымдастыру жолдары» тақырыбында онлайн режимінде семинар өтті
«Методика обучения младших школьников буквам и звукам английского алфавита» тақырыбында әдістемелік семинар-тренинг өтті
«Жасөспірімдерге қосымша білім берудің заманауи әдістерін қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы облыстық әдістемелік семинар өтті