«Қазақстан – болашақ архитектор көзімен» атты сәулеттік макет, «Жас өнертапқыштар» атты байқаулары өтті
2021 жылдың 28 – 29 сәуір күндері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары аясында 7 – 11 сынып оқушылары арасында облыстық «Қазақстан – болашақ архитектор көзімен» атты сәулеттік макет, «Жас өнертапқыштар» атты байқаулары өтті.
Байқаудың мақсаты - жас ұрпақтың бойында туған еліне, Отанына, ел татулығына, мемлекеттің экономикалық көркеюіне бағытталған және жаhандану жағдайы туралы түсінікті қалыптастыру болды. Жалпы облыстық байқауға облыс бойынша 65 оқушы қамтылды. Облыстық кезеңге іріктелген жұмыстарды жарияланған тақырыптың мазмұнына сәйкестігі, тақырыптың ашу деңгейі, шығармашылық талғамы, композициясы, техникасы, сапалық және эстетикалық талапқа сәйкестігі бойынша бағаланып, жеңімпаздар анықталды.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 29 сәуір күні білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету, инновациялық қызметтерін дамыту, шығармашылық шеберліктерін арттыру мақсатында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Қашықтан оқыту жағдайында тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру және оны жетілдірудің инновациялық жолдары /НЗМ тәжірибесі/» тақырыбында онлайн режимінде облыстық вебинар өтті. Аталған іс-шараға барлығы 208 педагог қатысты.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 28 сәуір күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Мектептегі психологиялық қызметтің маңыздылығы және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтарының озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға 107 педагог қатысты.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтері үшін облыстық онлайн семинар өтті
«Жасөспірімдер арасындағы суициалды мінез-құлықтың алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық вебинар өтті