Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«Инклюзивті білім беру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық  вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021  жылдың  29  сәуір  күні  ерекше білім алуға қажеттілігі бар оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер  үшін  «Инклюзивті білім беру ерекшеліктері»

 тақырыбында облыстық  вебинар өткізді.

 «Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға 100-ден аса  аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектептің әлеуметтік педагогтері,  психологтары,  ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларға  сабақ беретін мұғалімдер қатысты. Іс-шара барысында           Тараз қаласы,                 № 49   Ы.Алтынсарин  атындағы  мектеп - гимназиясының  директордың  оқу-ісі жөніндегі орынбасары Р.Тоқабай инклюзивті білім беру маңызы, ерекшеліктеріне тоқталса, Тараз қаласы, № 6 орта мектебінің        директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары  Е.Мерцалова ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жұмысты үйлестіру әдістерін көрсетті. Кездесу барысында педагогтер    ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері мен белсенді әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізу жолдары бойынша тәжірибе алмасты. Электронды материалдар таратылып, ақпараттық-әдістемелік көмек берілді.

«Қажымұқан Мұңайтпасов - қазақ халқын  әлемге танытқан спортшы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті

2021 жылдың  28 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, жалпы орта білім беру мекемелеріндегі дене шынықтыру мұғалімдеріне  арналған «Қажымұқан Мұңайтпасов - қазақ халқын  әлемге танытқан спортшы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне балуан атамыздың өмір жолы, спорттағы жеткен жетістіктері жеке қасиеттері,  марапаттары туралы ақпараттар берілді.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер,               167 жаттықтырушылар  мен дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері  қатысты.

«Ең үздік кітап оқитын мектеп»  атты облыстық байқау өтті

 Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Ең  үздік  кітап  оқитын  мектеп»  атты   облыстық   байқау  2021  жылдың 27 сәуірінде ZOOM платформасында онлайн режимінде өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру арқылы интеллектуалды қабілетін дамыту, кітап оқуды насихаттау.

   Байқау «Менің сүйікті кітабым», «Қара өлеңнің Құлагері» «Сөз маржанын терейік...», «Ізден, талаптан, оқырман!»   номинациялары бойынша өткізілді.

Байқауға  білім    беру   ұйымдарынан   11    мектеп қатысып,   7  мектеп жүлделі орындарды иеленді.

 Жамбыл  ауданындағы А.С.Макаренко атындағы орта мектебі-бас жүлдені,  Меркі   ауданының   №13 жалпы орта   білім   беретін   орта мектебі  І орынды,   Қордай ауданының №1 Д.Қонаев атындағы мектеп гимназиясы, Талас ауданының  Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі ІІ орындарды,  Байзақ ауданының  Н.Киікбаев  атындағы мектеп-гимназиясы, Сарысу  ауданының     Қызылдихан   орта мектебі,   Шу  ауданының  М.Мақатаев атындағы  тірек орта мектебі   ІІІ орындарды иеленді. Байқауға қатысқан мекемелер облыстық білім басқармасының дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің жанынан құрылған мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларының «Шығармашылық зертханасы» тобы мүшелерінің  №2-отырысы 2021 жылдың 27 сәуірі күні  өтті. Аталмыш отырыс аясында  «Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмысты сапалы ұйымдастыру жолдары» атты тәжірибелік вебинар  өткізіліп, шараға  140-тан аса  мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары  қатысты.

          Вебинарда  оқыту үрдісінде әдістемелік қызметті сапалы әрі жаңашылдықпен ұйымдастырудың  тиімді жолдары,  нәтижелі жұмыстар арқылы білім ұйымының дамуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша тәжірибелік ақпараттар таратылды.

2021 жылдың 15-16 сәуір күндері  «Менің Отаныма - менің бастамам» атты  облыстық шығармашылық  жобалар байқауы өтті. Байқауға аудандар мен Тараз қалалық, облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерінен 106 оқушы қатысты.

Дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған, балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету мақсатында өткізілген  шығармашылық жобалар байқауында оқушылар «Өз жылуыңмен бөліс», «Туған қалаға - игілікті істер», «Жаңғыру полюсі», « Қазақстанның жеті кереметі», «Менің кіші Отаным», «Киіз үй - ғаламның моделі»,  «Медиа жобалар», «Мен - Қазақстанның азаматымын», «Қазақстанның 100 жаңа есімі»  номинациялары бойынша жұмыстарын Zoom онлайн – платформасында  қорғады.

Облыстық шығармашылық жобалар байқауының жеңімпаздары 2021 жылдың 7-9 маусым аралығында Атырау қаласында өтетін республикалық форумға қатысатын болады.

Облыстық шығармашылық  жобалар байқауында жүлделі орын алған  оқушылар мен жетекшілерін құттықтаймыз!