Қыз бала тәрбиесіндегі құндылықтар жүйесі» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығында 2024 жылдың 18 наурыз күні аудандық, Тараз қалалық психолог әдіскерлері, білім беру ұйымдарының педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтеріне арналған «Қыз бала тәрбиесіндегі құндылықтар жүйесі» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді.
Іс-шара барысында Тараз қаласының педагог-психологтары «Қыз бала тәрбиесіндегі құндылық бағдар жүйесі», «Қыз – өмірдің қызғалдағы», «Қазақ зиялыларының қыз бала тәрбиесі жайлы көзқарастары мен қазіргі жай-күйі арасындағы сабақтастық мәселелері», «Қыз қылығымен», «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі», «Ана тәрбиесі – қыз балаға үлгі», «Қыз баланың шекараларын белгілеуге арналған ойын-жаттығулар» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарда қазақ зиялаларының қыз бала тәрбиесіне қатысты нақыл сөздері мен қазіргі қыз балалардың тәлім-тәрбиесі мен бей-жайы кеңінен талқыланды. Қыз баланың тұлғалық жетілуі мен құндылық бағдар жүйесін дұрыс қалыптастыру мақсатында озық іс-тәжірибелер ортаға салынды. Қатысушыларға білім беру ұйымында қыз балаға қатысты репродуктивтік денсаулық, жыныстық тиіспеушілік, тұлғалық жеке шекара туралы әдістемелік көмек көрсетілді.
Аталған іс-шараға 100 педагог қатысты.