«Ұлттық тәрбие - ұлт құндылығы» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті
2025 жылдың 16 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қордай ауданы, №43 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің базасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектептердің тәрбие жұмысына жауапты педагог қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету және өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Ұлттық тәрбие - ұлт құндылығы» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинар өткізілді, барлығы 60 қа жуық педагог қатыстырылды.
Семинар жұмысына аудандық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлері, директордың тәрбие, құқықтық ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер шақырылды.Іс-шара барысында озық іс-тәжірибелер көрсетіліп, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты. Қатысушылар тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен үйлестіру бойынша әдістемелік көмектер алды.






