Республикалық Дінтану пәндік олимпиадасында облысымыздың оқушылары жүлдегер атанды
2019 жылдың 14-15 мамыр күндері жалпы орта білім беретін мекемелердің 11 сынып оқушылары арасында Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен өткен ІV Республикалық Дінтану пәндік олимпиадасында облысымыздың оқушылары бақтарын сынады.
Дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету мақсатында өткен олимпиадаға Қазақстанның барлық облыстарынан қатысқан 33 оқушыдан Байзақ ауданы, Бурыл орта мектебінің оқушылары Қарахан Мерей жүлдегер атанса, Барбосынова Ақерке мақтау қағазымен марапатталды. Олимпиада жүлдегері Қарахан Мерей Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне квота негізінде білім алуға мүмкіндік алды.
«Өзін-өзі тану» пәнінің үздік мұғалімі» атты облыстық байқау өтті
Академик А.Жұмаділдаев атындағы халықаралық математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасында ұстаздарымыз жеңімпаз атанды
«Тәжірибедегі рефлексия: табысты тәжірибе (Action Research)» тақырыбында облыстық семинар өтті
Облыстың математика және физика пәнінің мұғалімдеріне ғылыми-тәжірибелік конференция өтті