Жамбыл облысында «TIMSS-2019 жаратылыстану-математикалық білім беру сапасының негізгі халықаралық зерттеуі» басталды.
Қазақстанда 4 және 8 сынып оқушыларының математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білім сапасын бағалау мақсатында 3 сәуір мен 15 мамыр аралығында TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі өткізілуде. Бұл зерттеуге әлем бойынша 64 мемлекет қатысуда. Ал Қазақстан бойынша 176 мектеп қатысады. Оның ішінде TIMSS-2019 халықаралық негізгі зерттеуіне Жамбыл облысынан 17 білім мекемесінен 828 (4 сын. – 411, 8 сын. – 417) оқушы қатысады.
26 сәуір күні Жамбыл облысындағы зерттеуді Тараз қаласындағы №24, №12 гимназиялар бастады. Зерттеу барысында математика-жаратылыстану бағыты бойынша оқушылардан тест тапсырмалары мен сауалнамалар және 4 сыныптың ата-аналарынан сауалнамалар алынды.
«Качество знаний – главная задача обновленного содержания образования» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті
«Білім беру ұйымдарында суицидтің және зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын нәтижеге бағыттау жолдары»тақырыбында педагог-психологтарға арналған облыстық онлайн семинар өтті
«Жасөспірімдер арасында құқық бүзушылықтың алдын-алу» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін енгізу мақсатында «Мәңгілік ел» - ұлттық тәрбие мен білімнің негізі» атты облыстық шеберлік сынып өтті