Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

«Сырттай оқыту мектебі» жобасы аясында онлайн дәріс өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 19 ақпан күні «Сырттай оқыту мектебі» жобасы аясында 7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы бойынша «Оқушылардың ғылымға және зерттеу мәселелеріне қызығушылық таныту қабілеттерін қалыптастыру» тақырыбында онлайн дәріс өткізді.
Жамбыл ауданы, Гродеково орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі В.Рахымбердиева «Химиялық құбылыстар. Заттардың агрегаттық күйлері» тақырыбында дәріс өткізіп, білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығында кездесетін мәнмәтіндерді түсіну, негізгі ойды талдау мен өзіндік ойды толықтыру жолдарын көрсетті.
​Оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік және жобалық іс-әрекетін дамыту мақсатындағы дәріске барлығы 450 оқушы қатысты.

БІЛІМ БӨЛІМДЕРІНІҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУҒА ЖАУАПТЫ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 19 ақпан күні білім бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға жауапты әдіскерлеріне арналған «Мобильді топтар мен құзыреттілік орталықтарының қызметі» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Іс-шара барысында құзыреттілік орталықтары мен мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыруда әдістемелік қамтамасыз ету, құзыреттілік орталығы-озық тәжірибе алмасу ортасы мен консультациялық пункт жұмыстарын үйлестіру бойынша ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы география пәнінен сабақ беретін жас мамандарға семинар өтті

2024 жылдың 16 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Зерде» жобасы негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандардың өзара тәжірибе алмасу арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында Айша бибі атындағы облыстық дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының озық тәжірибелі география пәнінің мұғалімдері «География сабағында Playfactile жəне Quzizz платформаларын қолдану арқылы оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын арттыру», «ББЖМ-ға дайындау барысында география пәнінен деңгейлік тапсырмаларын орындаудың тиімді жолдары» тақырыптарында жас мамандарға семинар өтті.
Семинарға барысында оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын, білім сапасын арттыру бойынша ББЖМ-де кездесетін және Playfactile және Guizizz платформаларын қолдану арқылы деңгейлік, логикалық тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері көрсетіліп, әдістемелік көмек берілді. Педагогтер өзара тәжірибесімен бөлісті, электронды дидактикалық материалдар таратылды.
Аталған іс-шараға облыстың 46 педагогі қатысты.

Мемлекеттік аттестациядан өтетін мектептердің география пәнінің педагогтеріне облыстық вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 16 ақпан күні мемлекеттік аттестациядан өтетін мектептердегі география пәні мұғалімдеріне «География сабағында оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын арттыру» тақырыбында Байзақ ауданы (М.Маметова атындағы негізгі мектебі, Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы", Ақшолақ орта мектебі), Жамбыл ауданы (Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейі, Ә.Әйтиев атындағы орта мектебі, Шайқорық орта
мектебі, С.Сәдуақасұлы атындағы негізгі мектебі), Жуалы ауданы (№1 мектеп-гимназиясы, №11, №20 орта мектебі), Қордай ауданы (С.Асфендияров атындағы негізгі мектебі, №11, №36 негізгі мектептері), Меркі ауданы (№ 17 мектеп-гимназиясы, №33, №11, №30, №19, №14, №18 орта мектептері), Т.Рысқұлов ауданы (Құлан мектеп-гимназиясы), Талас ауданы (Абай атындағы негізгі мектебі, №1 мектеп лицей"), Сарысу ауданы (Досбол орта мектебі), Шу ауданы (Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі, Төле би атындағы орта мектебі), Тараз қаласы (№ 38 орта мектебі, №49 мектеп-гимназиясы), Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты", Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының дарынды балаларға арналған мамандандырылған
лицейі, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернаты, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №1 "Өркен" арнайы мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектептеріне арналған онлайн вебинар өтті.
Іс-шара барысында география пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін қалыптастыру, құзіреттілігін арттыру, сапалы білім беруде жаратылыстану сауаттылықты қалыптастыру, тапсырмалардың шешу жолдарына бағытталған әдістемелік кеңестер, білімдерін сыни ойлау арқылы білім сапасын арттыруға байланысты тапсырмалардың түрлері мен көрсетілді.
Аталған іс-шараға барлығы 74 педагог қатысты.

Облыстық тәжірибелік семинар өтті
2024 жылдың 16 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл облысы көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың базасында жалпы білім беретін мектептердің педагогтері үшін №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының арнайы мамандарымен «Көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларды тиімді оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.
Тәжірибелік семинар барысында көру қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері мен оқыту процестерін ұйымдастыру, олармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарының әдіс-тәсілдері, көрмейтін және көру қабілеті зақымдалған балаларға Л.Брайль алфавиті мен оқытуды үйретудің ерекшеліктері, сонымен қатар №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының түзету пәнінің педагогтері көру қабілеті бұзылған балаларға қағаз бетінде бағдарлау, мимика және пантамимика сабағында қолданылатын жаттығулардың түрлері және түзете-дамыту жұмыстары, әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу, сөйлеу тілін дамыту және оқу дағдыларын меңгерудегі тиімді әдістер туралы шеберлік сыныптар көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті. Жалпы білім беретін мектептердегі көруінде бұзылыстары бар балалардың ауызша байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру бойынша коррекциялық-дамытушы оқытудың принциптері, өз бетінше және нәтижелі жұмыс істеуді үйретудегі әдіс-тәсілдерін пайдаланудың маңыздылығы түсіндіріліп, ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.