ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылдың 17 сәуірінде мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында «Ұлттық бірыңғай тестілеуге білім алушыларды дайындаудың тиімді әдістері» тақырыбында облыстық оқыту семинарын өткізді.
Іс-шараға аудандық білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 375 адам қатысты.
Облыстық оқыту семинарының барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы» А.А.Назарбекова қатысып, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысудың нормативтері, тестілеу қағидалары, грантқа құжаттарды қабылдаудың мерзімі, ағымдағы жылы өтетін ҰБТ форматының ерекшеліктері туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, семинар барысында ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын жүйелі жүргізілуінің әдістері, байқау тестілеулерінің нәтижелеріне сәйкес талдау жасау, мониторинг жүргізу түрлері, топтық және жеке дайындық, логикалық сұрақтарды талдау, күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар, сұрақтармен жұмыс жүргізуде тиімді тәсілдерді қолдану туралы мазмұнды ақпараттар беріліп, қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету бағытында @dulaty_priemka сайтына сілтеме берілді.