Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

«СабақTime» жобасы аясында «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқытудың тиімді жолдары» атты облыстық ашық сабақтар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 23 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің шебер педагогтері Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының сыныптарында ашық сабақтар өткізді.
Іс-шараның теориялық бөлімінде «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын айқындау мәселелері талқыланды. Заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологиялар, білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі, оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары сөз етілді.
Іс-шара барысында педагогтер ашық сабақ үлгілерін көрсетіп, оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары бойынша тәжірибе алмасты.
Білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды тиімді пайдалану жолдарын таныстырып, пән мұғалімдеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.
Облыстық ашық сабақтарға 57 педагог қатысты.

«Информатика сабағында белсенді әдістерді пайдалану жолдары» тақырыбында онлайн режимінде семинар-практикум өткізілді.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 23 қаңтар күні облыстың жалпы білім беретін мектептерінің информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған «ІТ-шебер» жобасының аясында «Информатика сабағында белсенді әдістерді пайдалану жолдары» тақырыбында онлайн режимінде семинар-практикум өткізілді.
Информатика пәнін оқыту мен оқуда қолданылатын белсенді әдістердің тиімді тәсілдерін тарату, тәжірибе бөлісу мақсатында өткен іс-шараға барлығы 124 педагог қатысты.
Іс-шара барысында интерактивті тапсырмаларды дайындау платформаларын пайдалану бойынша іс-тәжірибелері ұсынылды.

                         Мектепке дейінгі ұйым және мектепалды әдіскерлерімен 

                                                    облыстық онлайн семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 9 қаңтар күні мектепке дейінгі ұйым және мектепалды әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.
Zооm бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым және мектепалды әдіскерлері қатысты.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасы мазмұнында айқындалған күтілетін нәтижелерге балалар мен педагогтің жету деңгейін бақылау бойынша мониторинг жүргізудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету ерекшеліктері таныстырылып, талқыланды.

«Мемлекеттік аттестациядан өтетін мектепке дейінгі ұйымдарға ақпараттық-әдістемелік көмек» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 23 қаңтарында «Мемлекеттік аттестациядан өтетін мектепке дейінгі ұйымдарға ақпараттық-әдістемелік көмек» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті.
Облыстық тәжірибелік семинарға білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйымға жауапты әдіскерлері мен мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері, барлығы 21 адам қатысты.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі ұйымдардың мемлекеттік аттестаттаудан өту өлшемшарттарының сапалы орындалуы, мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын реттейтін нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бекітілгені, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын арттыру, стандарт талаптарын орындау, перспективалық жоспар мен циклограмманы құру жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тәжірибелік семинарға қатысушыларға мазмұнды ақпараттық-әдістемелік көмектер берілді.

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АЛТЫН ТҰҒЫР»МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА ОБЛЫСТЫҢ 3 ПЕДАГОГІ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен 2023 жылғы 5-6 қаңтар аралығында Астана қаласы №92 мектеп-лицейінде республикалық «Алтын Тұғыр» олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мұғалім тұлғасының шығармашылық әлеуетін дамыту.
Республикалық олимпиадада Тараз қаласы №39 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі А.Абдрахманова – І орынды, Тараз қаласы №49 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі У.Тельбаева – ІІ орынды, Тараз қаласы №1 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі И.Садыбаева – ІІІ орынды иеленді.
Ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!