«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында «Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналады» атты облыстық буктрейлер байқауы өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында 7-8 сынып оқушылары арасында «Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналады» атты ақынның шығармаларына үздік облыстық буктрейлер байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – Ж.Жабаевтың шығармасы немесе Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кітап бойынша буктрейлер дайындау.
Байқауға білім беру ұйымдарынан 24 мектеп қатысып, 6 мектеп жүлделі орындарды иеленді.
Меркі ауданындағы №13 М.Маметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Г.Махметжан І орынды, Жамбыл ауданының А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Е.Сандыбек, Қордай ауданының №14 Ә.Нүсіпбаев атындағы мектептің 8 сынып оқушысы С. Қапархан ІІ орындарды, Сарысу ауданының М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы А.Жаңабай, Тараз қаласының №7 гимназияның 7 сынып оқушысы А.Люфт, Шу ауданының М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы А.Әмед ІІІ орындарды иеленді.
«Жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу әдістемесі» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 22 сәуір күні білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету, инновациялық қызметтерін дамыту, шығармашылық шеберліктерін арттыру мақсатында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Қашықтан оқыту жағдайында тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру және оны жетілдірудің инновациялық жолдары /НЗМ тәжірибесі/» тақырыбында онлайн режимінде облыстық вебинар өтті. Аталған іс-шараға барлығы 158 педагог қатысты.
«Сабақты зерттеу мұғалімнің оқыту тәжірибесін жетілдіру тәсілі ретінде» тақырыбында облыстық онлайн вебинар өтті
География пәнінен жас мамандар арасында облыстық олимпиада өтті