Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

«Қазақстан – болашақ архитектор көзімен» атты сәулеттік макет, «Жас өнертапқыштар» атты байқаулары өтті

       2021 жылдың 28 – 29 сәуір күндері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары аясында 7 – 11 сынып оқушылары арасында облыстық «Қазақстан – болашақ архитектор көзімен» атты сәулеттік макет, «Жас өнертапқыштар» атты байқаулары өтті.

       Байқаудың мақсаты - жас ұрпақтың бойында туған еліне, Отанына, ел татулығына, мемлекеттің экономикалық көркеюіне бағытталған және жаhандану жағдайы туралы түсінікті қалыптастыру болды. Жалпы облыстық байқауға облыс бойынша 65 оқушы қамтылды. Облыстық кезеңге іріктелген жұмыстарды жарияланған тақырыптың мазмұнына сәйкестігі, тақырыптың ашу деңгейі, шығармашылық талғамы, композициясы, техникасы, сапалық және эстетикалық талапқа сәйкестігі бойынша бағаланып, жеңімпаздар анықталды.

Жамбыл  облысы  әкімдігі  білім басқармасының оқу-әдістемелік  кабинетінің ұйымдастыруымен  2021  жылдың  29  сәуір  күні  білім  беру  ұйымдарының  директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету, инновациялық қызметтерін дамыту, шығармашылық шеберліктерін арттыру мақсатында мектеп  директорларының  тәрбие  ісі жөніндегі  орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Қашықтан оқыту жағдайында  тәрбие  жұмысын  тиімді ұйымдастыру және оны жетілдірудің  инновациялық  жолдары /НЗМ тәжірибесі/» тақырыбында  онлайн  режимінде  облыстық вебинар өтті. Аталған іс-шараға барлығы  208 педагог  қатысты.  

Іс-шара барысында  Қордай  ауданы, Б.Момышұлы атындағы  №43, №8, №26, №51  орта мектептерінің  озық іс-тәжірибелері  таратылды және вебинарға қатысушылар тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша  әдістемелік көмектер  алды, тиімді инновациялық әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе  алмасты.  

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 28 сәуір күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында  «Мектептегі психологиялық қызметтің маңыздылығы және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтарының озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға 107  педагог қатысты.                                                      

        Мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бағыттары бойынша  жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, озық  идеялы тәжірибені тарату, әдістемелік  көмек көрсету, өзара  тәжірибе  алмасу, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.

           Іс-шара барысында ІV Республикалық «Жылдың үздік психологі 2015» байқауының жеңімпазы, Тараз қаласы, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназияның педагог-психологі А.Тілеубай және ІІІ Республикалық «Жылдың үздік психологі 2014» байқауының  жеңімпазы, Т.Рысқұлов ауданы, №3 шағын орталықты орта мектебінің педагог-психологі Ғ.Салықбаев іс-тәжірибелерімен  бөлісті.                                                        

Мектепке дейінгі ұйым педагогтері үшін  облыстық онлайн семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 29 сәуір күні мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруде заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн семинар өтті.

Семинарда Тараз қаласы, №33 «Айсәуле» бөбекжай-бақшасының әдістемелік жұмыс жүйелері тыңдалды. Іс-шара барысында мектепке дейінгі ұйым қызметінде жобалау әдісін қолдану және экологиялық тәрбие беруде заманауи әдіс-тәсілдер жүйесін қолдану ерекшеліктері жайлы толық мағлұмат алып, электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

Аталған іс-шараға облыстың  147 педагогі қамтылды.

«Жасөспірімдер арасындағы суициалды мінез-құлықтың алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық  вебинар өтті

          Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен   2021 жылдың 28 сәуір күні білім беру ұйымдары директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтарына арналған «Жасөспірімдер арасындағы суициалды мінез-құлықтың алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық  вебинар өткізілді. Аталған іс-шараға барлығы 112 педагог қатысты.                                                                                             

         Іс-шара барысында жеткіншек жастағы оқушылардың аутодеструктивті мінез-құлық мәселелері және оның шешу жолдары мен алдын алу, түзету жұмыстарын тиімді ұйымдастыру бойынша   кеңестер беріп, тақырып аясында пікір алмасты.