«Формирование читательской грамотностна уроках русского языка и литературы в свете обновленного содержания образования» тақырыбында облыстық онлайн-кеңес өтті
2021 жылдың 3 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Формирование читательской грамотности на уроках русского языка и литературы в свете обновленного содержания образования» тақырыбында облыстық онлайн-кеңес өтті.
Іс-шараның мақсаты – қашықтан оқыту жағдайында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу.
Онлайн-кеңес барысында педагогтарға орыс тілі пәні сабақтарында оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар құрастыру, оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру, қашықтан оқыту жағдайында білім беру платформаларын қолданудың ерекшеліктері бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер, 230 орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, барлығы 241 педагог қатысты.