«СабақTime» жобасы аясында тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих сабақтарында белсенді оқу әдістерін қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық ашық сабақтар циклы өтті
2024 жылдың 31 қаңтар күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен тарих пәнін оқытуда педагогтердің тәжірибелік және пәндік құзыреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында педагогтер Тараз қаласы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының 9-11 сыныптарында ашық сабақтар өткізді.
Іс-шара барысында тарих сабақтарында белсенді оқу әдістерін қолдану, пәнді оқытуда құндылыққа бағдарланған білім беру, заманауи әдістемелер мен педагогикалық технологиялар, білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың, білім алушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары талқыланды.
Іс-шараның тәжірибелік кезеңінде Тараз қаласы мен Меркі, Қордай, Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандарының педагогтері Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы негіздері пәндерінен «Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі» /10 сынып/, «Германдық әлеуметтік-нарықтық шаруашылық ерекшіліктері қандай?» /9 сынып/, «ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары» /11 сынып/, «Қазақ хандығы: мемлекеттің саяси институттары» /10 сынып/, «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы» /9 сынып/ тақырыптарында ашық сабақтар көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Облыстық ашық сабақтарға облыс аудандары мен Тараз қаласының тарих пәні мұғалімдері, «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдері, барлығы 50 педагог қатысты.