Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 5 мамыр күні Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай «Ы.Алтынсарин: Ұлттық педагогика, методология» тақырыбында аралас форматта аймақтық онкүндіктің жабылуына қатысып, тәжірибе алмасты.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының президенті, PhD доктор Ғ.Бейсембаев іс-шаралардың өтілу барысына жоғары баға берді.
Іс-шара барысында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерова баяндама жасап, кері байланыс жүргізді.
Қазақ халқының аса көрнекті ағартушы-педагогі Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған тәжірибе алмасу бағытындағы онкүндік аясында өткен 14 іс-шараға 6379 педагог қамтылды.
«TIMSS халықаралық зерттеуінің аясында география пәні мұғалімдерінің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында қашықтан вебинар өтті
«Ұлы дала тарихындағы есімі ұрпаққа ұран болған - батырлар ерлігі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 5 мамыр күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Мектептегі психологиялық қызметтің маңыздылығы және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтарының озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға 117 педагог қатысты.
«Олжас Сүлейменов және Қазақстандағы тарихи ойдың дамуы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті