«Инклюзивті білім беру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 29 сәуір күні ерекше білім алуға қажеттілігі бар оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер үшін «Инклюзивті білім беру ерекшеліктері»
тақырыбында облыстық вебинар өткізді.
«Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға 100-ден аса аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектептің әлеуметтік педагогтері, психологтары, ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер қатысты. Іс-шара барысында Тараз қаласы, № 49 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп - гимназиясының директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Р.Тоқабай инклюзивті білім беру маңызы, ерекшеліктеріне тоқталса, Тараз қаласы, № 6 орта мектебінің директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Мерцалова ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жұмысты үйлестіру әдістерін көрсетті. Кездесу барысында педагогтер ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері мен белсенді әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізу жолдары бойынша тәжірибе алмасты. Электронды материалдар таратылып, ақпараттық-әдістемелік көмек берілді.
«Қажымұқан Мұңайтпасов - қазақ халқын әлемге танытқан спортшы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті
«Ең үздік кітап оқитын мектеп» атты облыстық байқау өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің жанынан құрылған мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларының «Шығармашылық зертханасы» тобы мүшелерінің №2-отырысы 2021 жылдың 27 сәуірі күні өтті. Аталмыш отырыс аясында «Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмысты сапалы ұйымдастыру жолдары» атты тәжірибелік вебинар өткізіліп, шараға 140-тан аса мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
2021 жылдың 15-16 сәуір күндері «Менің Отаныма - менің бастамам» атты облыстық шығармашылық жобалар байқауы өтті. Байқауға аудандар мен Тараз қалалық, облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерінен 106 оқушы қатысты.