БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Зерде» жобасы аясында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін жас мамандарға вебинар өтті
2024 жылдың 11 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен адрестік көмек көрсету бағдарламасы негізінде қоғамдық -гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандардың өзара тәжірибе алмасу арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында вебинар өтті.
Вебинар барысында Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының озық тәжірибелі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Аналитикалық және зерттеушілік оқу дағдысын дамыту», «Оқылым дағдыларын қалыптастыру жолдары» тақырыптарында іс-тәжірибесімен бөлісті.
Аталған іс-шараға облыстың 110 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін жас маман қатысты.

   

«Использование методов активного обучения по формированию читательской грамотности учащихся» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 10 қазан күні «Мақсатты мектептер» жобасы аясында аудандар мен Тараз қаласының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, оларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Использование методов активного обучения по формированию читательской грамотности учащихся» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтіп, белсенді оқытудың әдістері, заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі туралы іс-тәжірибелер ұсынылып, дидактикалық материалдар таратылды.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің және «Мақсатты мектептер» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдері, барлығы 140 педагог қатысты.

   

«Тарих сабақтарындағы цифрлық құзыреттілік» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2024 жылдың 9 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Cамғау» жобасы аясында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында жас мамандар мен тәлімгерлерге арналған «Тарих сабақтарындағы цифрлық құзыреттілік» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Семинар-практикум барысында педагогтерге пәнді оқыту ерекшеліктері, сабақты жоспарлау мен дайындау кезеңдері, тапсырмаларды әзірлеу барысында қолданылатын ресурстар, платформалардың түрлері мен тиімділігі бойынша шеберлік сыныбы көрсетіліп, әдістемелік ұсынымдар берілді. Іс-шараға тарих пәнінің және «Мақсатты мектептер» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдері, барлығы 124 педагог қатысты.

   

Облыстық дөңгелек үстел өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 9 қазан күні психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің арнайы мамандарының қатысуымен «Отбасы және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайында балалардың сөйлеуін дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада инклюзивті білім беруді дамытудағы педагогтердің кәсібилігін арттырудың жолдары, нормативтік-құқықтық құжаттардың орындалуы бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Отбасы және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайындағы балалардың сөйлеу қабілетін дамытудың тиімді жолдарын анықтап, педагогтердің жаңашыл идеяларын жүзеге асырудағы тәжірибелерімен өзара бөлісті. Іс-шараға аудандық, қалалық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің 35 педагогі қатысты.

Мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері мен әдіскерлеріне арналған облыстық семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 30 қыркүйек күні Меркі ауданы «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының базасында «Eco Lab» жобасы бойынша озат тәжірибені жинақтау және тарату мақсатында мектепке дейінгі ұйым басшылары мен әдіскерлеріне арналған «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шара барысында балабақша жағдайында тәрбиеленушілерге экологиялық тәрбие берудің тиімділігін тәжірибе барысында көрсете отырып, әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеріп өз бетінше таңдауға мүмкіндік беретін орта қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп, бөбекжай-бақшасының бау-бақшасын, заттық-дамыту орталарының көрмесін тамашалады. Іс-шараға Меркі, Т.Рысқұлов, Шу аудандарының мектепке дейінгі ұйым басшылары мен әдіскерлерінен 48 педагог қатысты.