БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

Облыстағы 445 мектеп басшылары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары үшін семинар-кеңес өтті.

Ағымдағы жылдың 22 тамыз күні «2024-2025 оқу жылына арналған жұмыстық оқу жоспарларын әзірлеудің нормативтік құқықтық негіздері» тақырыбындағы өңірлік семинар-кеңесте жаңа оқу жылына арналған жұмыстық оқу жоспарларын құрастырудың нормативтік-құқықтық негіздері қарастырылып, жұмыстық оқу жоспарларына қойылатын талаптары талқыланды. Семинар-кеңес жұмысына облыстағы 44 мектеп басшылары мен директордың орынбасарлары қатысты. Семинар барысында 2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» және т.б., Заңдарды және басқа да заңнама актілерін басшылыққа алуы тиісті екендігі туралы нұсқаулық берілді. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардын талаптарын сақталуы туралы айтылды. Облыстағы 9 гимназия, 27 мектеп-гимназиялар мен 14 мектеп-лицейлердің жұмыстық оқу жоспарларын құру ережелері, ҚР «Білім туралы» заңының 1 тараудың 18 және 40 тармақтарына сәйкес гимназия мектептерінде «білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бойынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны», ал лицей мектептері «білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстанушылық-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны» деп көрсетілгені туралы айтылды. Мектептердің білім беру процесі, сабақ кестелерінің рәсімделуі, екі топқа бөлініуі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалардың «Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында реттелгені туралы ақпарат берілді. ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының «Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 97 тармағына сәйкес Тірек мектебі мен магниттік ШЖМ-ның оқу қызметі тірек мектебі (ресурстық орталық) мен магниттік мектептердің бірлескен педагогикалық кеңесінде бекітіліп, бірыңғай оқу жоспары негізінде жүзеге асырылатыны туралы ақпарат берілді. Ал ШЖМ-дің оқу процесін ұйымдастыру мәселелрі аталған қағидалардың 96 тармағына сәйкес реттелетіні туралы айтылды. Семинар-кеңес соңында кері байланыс жүргізіліп, оқу жылының жұмысын жүйелі ұйымдастру мәселелері талқыланды.

   

МЕКТЕПАЛДЫ СЫНЫП ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 13 тамыз күні «Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар» тақырыбында аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепалды сынып педагогтеріне арналған секция отырысы өтті. Іс-шара барысында 2024-2025 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-блім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, нормативтік құқықтық актілер, мектепке дейінгі ұйымдарда мерекелік шараларды ұйымдастыру, мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін білім беру ұйымдарында консультациялық пункттер жұмысын ұйымдастыру, бастауыш сынып мұғалімі жеке оқыту траекториясын анықтау үшін мектепалды топтары мен сыныптары балаларының Жеке даму картасын толтыру, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының іске асырылу жолдары, цифрландыру жағдайында білім беру процесінің ұйымдастырылу ерекшеліктері бойынша ұсынымдар берілді. Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласынан 11 әдіскер, 462 мектепке дейінгі ұйым педагогтері, барлығы 473 педагог қатысты.

    

География пәнінің мұғалімдеріне арналған әдістемелік секция отырысы өтті 

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылы 12 тамызда «География сабағында цифрлық білім беру ресурстарын қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық оқу-әдістемелік орталығының мәжіліс залында онлайн режимінде география пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік секция отырысы өтті. Аталған іс-шараға барлығы 372 педагог қатысты. Секция отырысының барысында «География сабағында цифрлық білім беру ресурстарын қолдану мүмкіндіктері» әдістемелік нұсқау хат бойынша, география пәні бойынша атқарылған іс-шаралар, сапалы білім беруде функционалдық сауаттылықтың негізгі құрамдас бөліктерін, сабақ үрдісінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану, оқушы бойында түйінді, әрі пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру, проблемалық оқытудың әдістемесін жүзеге асыру, білімді бақылауды автоматтандыру мен дидактикалық проблемаларды шешу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

      

«Цифрландыру жағдайындағы инклюзивті білім беру» тақырыбындағы арнайы және инклюзивті беретін педагог қызметкерлердің облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы өтті 

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 14 тамыз күні «Цифрландыру жағдайындағы инклюзивті білім беру» тақырыбында жалпы білім беретін мектеп басшылары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарларына, білім басқармасына қарасты арнайы мекемелердің басшылары мен мамандары, арнайы және инклюзивті білім беретін педагогтер, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған облыстық секция отырысы өтті. Әдістемелік секция отырысы барысында 2024-2025 оқу жылындағы ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың оқу-тәрбие процесін реттейтін нормативтік құжаттар (ондағы өзгерістер мен толықтырулар), жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыру, білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қызметті қолдау, әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес толтырылатын формалар, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды ағымдағы бағалау мен қорытынды аттестаттау, мектепте инклюзивті мәдениетті қалыптастыру, арнайы білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері (оқыту және тәрбиелеу, оқу жоспары мен бағдарламаларын іске асыру), туралы әдістемелік ұсынымдар берілді. Іс-шараға барлығы 674 педагог қатысты.

     

«Мектеп кітапханасын цифрландыру – бүгінгі білім берудегі жаңа бағыт» тақырыбында кітапхана қызметкерлерінің секция отырысы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының облыстық оқу - әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 9 тамыз күні білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлеріне арналған «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» педагогтердің облыстық тамыз кеңесі аясында «Мектеп кітапханасын цифрландыру – бүгінгі білім берудегі жаңа бағыт» тақырыбында кітапхана қызметкерлерінің секция отырысы өтті. Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлеріне мектеп кітапханасын электронды жүйеге енгізу бойынша цифрландыру, кітапханашы жұмысының тиімділігін арттыру, пайдаланушыларға ақпараттық қолдау көрсету, «Балалар кітапханасы» – кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру жұмыстары бойынша ақпараттық - әдістемелік көмектер көрсетіліп, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді. Аталған іс-шараға аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен 157 кітапхана қызметкерлері қатысты.