БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Мұғалімнің зерттеушілік қызметі» тақырыбында облыстық конференция өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті  Педагогикалық шеберлік орталығы  және Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік  мектебімен  бірлесе отырып,   2019  жылдың  30 наурыз күні «Мұғалімнің зерттеушілік қызметі» тақырыбында облыстық конференциясын  өткізді.  

         Тараз қаласындағы ФМБ Назарбаев зияткерлік мектебінің  базасында өткізілген  іс-шараға  127   педагог қатысты.

Іс-шара бағдарламасына сәйкес 7 бағыт бойынша 2 сессия (баяндамалар және постерлік) ұйымдастырылды. Конференция қатысушылары  болашақ технологиялар мен білім беру ресурстары, мұғалімдерді оқыту, кәсіби дамыту және олардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, куррикулум және пәндер, көптілді білім беру, мектептегі бағалау, сабақ беру және оқыту әдістері, жобаларды дамыту және зерттеу нәтижелері, теория, тәжірибе және білім зерттеулерінің этикасы бойынша тәжірибе алмасты. 

Қордай, Мойынқұм және Шу аудандарына онлайн режимінде әдістемелік көмектер көрсетілді

Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен тәрбие мен оқыту сапасының деңгейін арттыру мақсатында 2019 жылдың 1 сәуір күні Қордай, Мойынқұм және Шу аудандарына «Білім берудегі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың негізі» тақырыбында онлайн режимінде облыстық әдістемелік көмек көрсетілді.

Онлайн режиміндегі әдістемелік көмектер мектеп директорларына, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына, пән мұғалімдеріне (мектепке дейінгі ұйым педагогтары, мектепалды даярлық педагогтары, бастауыш сынып, орыс тілі, ағылшын тілі, география, көркем еңбек, өзін-өзі тану), барлығы 1377 педагогқа көрсетілді.

Секция жұмыстарында білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар, психологиялық тренингтер өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

«Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL)» және «Сабақтағы саралау тәсілдері»  тақырыптарында Тараз қаласындағы ФМБ Назарбаев зияткерлік мектебінің  базасында облыстық семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті  Педагогикалық шеберлік орталығы  және Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен  бірлесе отырып,   2019  жылдың  29 наурыз күні  «Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL)» және «Сабақтағы саралау тәсілдері»  тақырыптарында облыстық семинар  өткізілді.  

         Аталған іс-шараға  93   педагог қатысты.

         Іс-шара бағдарламасына сәйкес  6-8 сыныптарға  сабақ беретін жаратылыстану-математикалық бағытындағы пән  мұғалімдері тілдік интеграциялық оқыту,  сабақ басқаруға арналған тайм-менеджмент,  CLIL  технологиясын іске асыру барысында  жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары бойынша, 5-8 сыныптарға  сабақ беретін қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пән мұғалімдері  жаңартылған білім беру мазмұны аясында дифференциалды білім беруді ұйымдастыру, саралау тапсырмалары, мұғалімдерді қолдау,  қысқа мерзімді сабақ жоспарларында саралауды  жүзеге асыру,  сабақ кезеңдерінде қалыптастырушы бағалаудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін  қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасты.  

«Ұлттық мұра» атты мектепке дейінгі педагогтар арасында облыстық фестиваль өтті

2019 жылдың 29 наурызы күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  Байзақ ауданы, «Астана» бөбекжай-бақшасында мектепке дейінгі ұйым педагогтарының арасында «Ұлттық мұра» атты облыстық фестиваль өтті. Аталған іс-шараға 50 педагог қатысып, этнопедагогика арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттады.                                 

Мектеп басшыларына арналған облыстық онлайн семинары өтті

          2019 жылдың 28 наурызында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен          білім беру мазмұнын жаңартуда мектептің даму жоспарын жүйелі жоспарлаудың әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасу мақсатында «Жаңартылған білім беру жағдайында мектептің даму жоспарын жүйелі жоспарлау» атты облыстық онлайн семинар өтті.

Облыстық онлайн семинарына мектеп директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 443 адам қатысты.

Іс-шара барысында  білім сапасын арттыру бағытында мектептің даму жоспарын жасау әдістері ұсынылып, жаңартылған білім беру аясында мектептің даму жоспарын жасау тәсілдері қарастырылды.