«Қысқы мектеп» жобасы аясында математика пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныбы өтті
2018 жылдың 19 желтоқсанында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының физика пәні мұғалімі Жумадилов Ержан «Оқушыларды олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында физика пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныбын өткізіп, мектепішілік олимпиададан халықаралық олимпиадаға дейінгі тапсырмалардың түрлері, білім алушыны олимпиадаға дайындау, қажетті әдістемелік құралдар туралы мағлұматтар берді. Аталған іс-шараға облыстың 249 педагогі қамтылды.