БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНА ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

 2025 жылдың 10 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы М.А.Нысанбаевтың қатысуымен Тараз қаласындағы Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның базасында «Білім берудегі өзгерістер: инновацияға бетбұрыс және заманауи білім тенденциялары» атты облыстық дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты – мектеп басшыларының басқару мәдениетін дамыту бағытында оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастырылуы,  педагогикалық әдеп нормаларының негізгі принциптерін ұғынуы,  әділдік, адалдық, жауапкершілік және құрмет сияқты құндылықтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек беру.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласынан «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасына қатысқан педагог қызметкерлер, барлығы 35 адам қатысты.

            Облыстық дөңгелек үстел барысында «Заманауи білім: тенденциялары  және инновациялары», «Мектепті басқару стратегиялары», «Білім беру ұйымын басқарудың тиімді қадамдары» тақырыптарында тәжірибелік презентациялар ұсынылып, мектепті дамытудағы заманауи әдіс-тәсілдері жайлы пікір алмасу болды.

Қорытынды бөлімінде қатысушыларға басқару мәдениетін дамыту бағытында мектепті басқарудың тиімді жолдары бойынша ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетіліп, бірқатар ұсыныстар берілді.

   

   

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

       Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің білім беру бағдарламасына сәйкес сапалы, жоғары білім алу мүмкіндіктерін насихаттау мақсатында білім беру ұйымдарының 11- сынып оқушыларына  2025 жылдың 3-8  сәуір аралығында «Мамандық–болашақтың кепілі» атты ақпараттық кездесу өтті.

       Іс-шараға 9-11 сынып оқушылары, ата-аналар, кәсіби бағдар беру педагогтері, барлығы 13 644  адам қатысты. 

Іс-шара барысында «Серпін – 2050» бағдарламасын, сондай-ақ АҚШ-тың Тусон қаласындағы Аризона университетімен бірлескен қос дипломды бағдарламаларды, Солтүстік Қазақстан университетіне оқуға түсу мүмкіндіктері, Мемлекеттік білім беру гранттары, 160 –тан астам білім беру бағдарламалары, білім гранты мен шәкіртақы, заманауи жабдықталған зертхана, кепілдендірілген жұмыс орны туралы ақпараттық-әдістемелік түсіндіру жүргізілді.

   

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

2025 жылдың 7 сәуір  күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы мен Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті бірлесіп, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын үйлестіру аясында білім беру ұйымдарында 11 -сынып оқушылары мен ата-аналарына, кәсіби бағдар беру педагогтеріне арналған бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға және сапалы білім алуға  бейімдеу мақсатында  «Мамандықты дұрыс таңдау–болашаққа  бастар жол» атты семинар өткізді. Іс-шараға    100 оқушылар, 70 педагог және 50 ата-ана, барлығы   220  адам  қатысты.

Кездесу барысында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы М.Мәліктайұлы Қазақстандық және шетелдік білім беру бағдарламалары, Мемлекеттік тапсырыс, Әкімдік, Ректордың гранттары, Қорлар мен ұйымдардың степендиялары, оқуға қабылдау ережелері, Әскери кафедра (Лейтенант және Сержант шенін алу), жатақханамен қамтамасыз ету, Академиялық ұтқырлық халықаралық байланыстар,  түлектерді 90% жұмыспен қамту туралы   оқушыларға ақпараттар берілді.

      

«Сабақты тиімді жоспарлау мұғалімнің кәсіби шеберлігінің көрінісі» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы өтті»

 2025 жылдың 8 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Самғау» жобасы аясында тарих пәнінен жас мамандарға арналған «Сабақты тиімді жоспарлау мұғалімнің кәсіби шеберлігінің көрінісі» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы өтті.

Іс-шараның мақсаты – жас мамандарға тарих пәнінен сабақты жоспарлау мен сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдарын ұсыну.

Шеберлік сыныбы барысында педагогтерге тарих пәнінен басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық актілер, оқу бағдарламалары, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау мен қысқа мерзімді жоспарлауды жазу, жасанды интеллект мүмкіндіктері мен тапсырма түрлері бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласынан 103  педагог қатысты.

  

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы мен  Ресей Федерациясының ғылым және жоғары  білім  министрлігі  Тараз қаласындағы «Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті» жоғары білім берудің федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің филиалы  2025 жылдың  2 сәуір күні білім беру ұйымдарының  11-сынып оқушыларына «Баланың бақыт формуласы-сүйікті мамандығы»  атты ашық есік күндері «Химия-физика», «Химия -биология» пәндері бойынша мамандықтар көрмесі  көрсетіліп, кәсіптік бағдар беру жұмысы  жүргізілді.

        Іс-шараға 9-11 сынып оқушылары, ата-аналар, кәсіби бағдар беру педагогтері, барлығы 500  адам қатысты. 

Мақсаты: өңірімізде кәсіпорындар мен ұйымдарды қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті, ғылым-білімді, біліктілік пен дағдыны меңгерген мамандар дайындау, кәсіптік  қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін арттыру және дамыту, мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу, белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.

Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің білім беру бағдарламалары бойынша «Аналитикалық химия», «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Қоршаған ортаны инженерлік қорғау» бойынша үш бағытта оқытылуы, білім гранты мен шәкіртақы, Қос диплом, заманауи жабдықталған лаборатория,  кепілдендірілген жұмыс орны туралы ақпараттық-әдістемелік түсіндіру жүргізілді.