2025 жылдың 31 қаңтар күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы кәсіптік бағдар беру жұмыстарын үйлестіру аясында білім беру ұйымдарында 9-11 сынып оқушыларына және кәсіби бағдар беру педагогтеріне арналған халықаралық стандарттарға сай, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға және сапалы білім алуға бейімдеу мақсатында «Кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудың алғышарттары» атты семинар өтті. Іс-шараға 2141 оқушылар, 948 педагогтер, барлығы 3089 адам қатысты.
Кездесу барысында кәсіби бағдар беру жұмысын ұйлестіру аясында жылдық жұмыс жоспарымен таныстыру, білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдарлау процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуде жоспарлау, әзірлеу, зерделеу және көмек көрсету бойынша стратегиялық көзқарасты қалыптастыру бойынша баяндамалар оқылды. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің өкілдері тарапынан және Ақмола облысы «Серпін» білім беру бағдарламалары, бакалавриат бағдарламасы туралы толық ақпарат, Мемлекеттік білім беру гранты және Академиялық ұтқырлық халықаралық байланыстар, түлектерді 85% жұмыспен қамту туралы оқушыларға ақпараттар берілді.







