БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

«Қысқы мектеп» жобасы аясында химия пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде вебинар өтті

        2021 жылдың  4 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  ZOOM платформасында Айша бибі атындағы  облыстық дарынды қыз балаларға  арналған  мамандырылған  «Білім-инновация» лицей-интернаты мен облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандырылған « Білім-инновация» лицей-интернатының    тәжірибелі мұғалімдері «Тепе-теңдік (Equilibrium) тақырыбын түсіндірудің тиімді сценарийін  жасау (Химия, 10 сынып)», «Қашықтықтан оқыту барысында Zoom платформасын тиімді пайдалану »тақырыптарында химия пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде вебинар өтті.

        Іс-шара барысында Zoom платформасын тиімді пайдалану арқылы химия сабағында интерактивті оқыту, топтық жұмыс, бағалау және тест тапсырмаларын ұйымдастырудың  тиімді әдіс -тәсілдерін көрсетті.

Аталған іс-шараға облыстың   76 химия      пәні мұғалімдері қатысты.

«Қашықтықтан оқыту жағдайында үшінші, төртінші тоқсандардағы оқу процесін жоспарлау» тақырыбында география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған қашықтықтан вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 4 ақпан  күні «Қашықтықтан оқыту жағдайында үшінші, төртінші тоқсандардағы оқу процесін жоспарлау»  тақырыбында  география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған  вебинар  өтті. Вебинарға 139 педагог қатысты.

          Вебинар барысында үшінші, төртінші тоқсандардағы оқу процесін жоспарлауға  бағытталған әдістемелік кеңестер ұсынылды.

ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ

         2021 жылдың 4 ақпанында  Жамбыл облысы әкімдігі білім    басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, халықаралық зерттеулерге жауапты мектеп үйлестірушілеріне арналған «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында тәжірибе алмасу вебинары өтті.

       Вебинарға Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласының білім беру ұйымдарының мектеп директорлары мен директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары барлығы  298 адам қатысты.

          Вебинар барысында мектеп басшыларына PISA, TIMSS, PIRLS, TALIS, ICILS, PIAAC халықаралық зерттеулерінің негізгі бағыттары, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы PISA индикаторлары, білім алушылардың халықаралық зерттеулерге қатысудағы негізгі міндеттері, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы ізденіс-тәжірибелері, нәтижелері, халықаралық зерттеулерінің даму стартегиясы, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруда математикалық сауаттылығын, жаратылыстану сауаттылығын және  оқу сауаттылығын дамытудың  әдіс-тәсілдері, 2021 жылы PIRLS халықаралық зерттеулеріне дайындық жұмыстары туралы мазмұнды  ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетілді.

«География сабағында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын арттыру мәселелері»  тақырыбында шеберлік сыныбы өтті

      Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 3 ақпан күні «География сабағында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын арттыру мәселелері» тақырыбында  география пәні мұғалімдеріне арналған онлайн  режимінде  облыстық  шеберлік  сыныбы  өтті.

      Меркі ауданы №44 орта мектебінің география пәні мұғалімі Г.Найзабекова «География сабағында оқушылардың танымдық қабілетін белсендіре отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»,  «Үздік тәжірибе – оқу-тәрбие үрдісіне», «Мұғалімнің шығармашылығы»  тақырыптарында  іс – тәжірибесімен бөлісті. Аталған іс-шараға барлығы     198  педагог қатысты.

ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың  4 ақпан күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері мен  мектепалды даярлық сынып тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың басым бағыттары» тақырыбында Байзақ (Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі),  Жамбыл (№1 орта мектебі),  Жуалы (№19, №29 орта мектептер), Қордай (№27, №43 орта мектептер), Т.Рысқұлов (Ақтоған орта мектебі),  Сарысу (Абылай хан, Б.Адамбаев атындағы орта мектептер), Талас (А.Пушкин атындағы орта мектебі) аудандарының және Тараз қаласының (№3, №25, №47 орта мектептер) 14 мектебіне облыстық вебинар өтті.

Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ерекшеліктері, әдістемелік жұмыстардың бағыттары, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламасының талаптарының ерекшеліктері жайлы толық мағлұмат алып, электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

Аталған іс-шараға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепалды даярлық сынып тәрбиешілер, барлығы 21  педагог қатысты.