БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ

         2021 жылдың 3 ақпанында  Жамбыл облысы әкімдігі білім    басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, халықаралық зерттеулерге жауапты мектеп үйлестірушілеріне арналған «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында тәжірибе алмасу вебинары өтті.

       Вебинарға Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Мойынқұм, Меркі аудандары білім беру ұйымдарының мектеп директорлары мен директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары барлығы  361 адам қатысты.

          Вебинар барысында мектеп басшыларына PISA, TIMSS, PIRLS, TALIS, ICILS, PIAAC халықаралық зерттеулерінің негізгі бағыттары, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы PISA индикаторлары, білім алушылардың халықаралық зерттеулерге қатысудағы негізгі міндеттері, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы ізденіс-тәжірибелері, нәтижелері, халықаралық зерттеулерінің даму стартегиясы, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруда математикалық сауаттылығын, жаратылыстану сауаттылығын және  оқу сауаттылығын дамытудың  әдіс-тәсілдері, 2021 жылы PIRLS халықаралық зерттеулеріне дайындық жұмыстары туралы мазмұнды  ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетілді.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2021 жылдың  2 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі» атты Байзақ (Н.Ақшабаев атындағы о/м), Жамбыл (№1 о/м), Жуалы (№19, №29 о/м), Қордай (№27, №43 о/м), Т.Рысқұлов (Ақтоған, Ә.Бөкейханов атындағы о/м), Сарысу (Абылай хан, Б.Адамбаев  атындағы о/м), Талас (А.Пушкин атындағы о/м) аудандарының және  Тараз қаласының (№3, №25, №47 о/м) 14 мектебіне облыстық вебинар өтті.

Вебинар барысында педагогтарға «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері, қашықтан оқыту жағдайында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сапалы білім алуға мүмкіндік беру және жобалық жұмыс жүйесін тиімді ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Іс-шараға аталған мектептерден жалпы 37 педагог қатысты.

 

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған вебинар өтті

2021 жылдың 2 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған «Эффективные пути развития читательской грамотности на уроках русского языка и литературы» тақырыбында Байзақ (Н.Ақшабаев атындағы о/м), Жамбыл (№1 о/м), Жуалы (№19, №29 о/м), Қордай (№27, №43 о/м), Т.Рысқұлов (Ақтоған, Ә.Бөкейханов атындағы о/м), Сарысу (Абылай хан, Б.Адамбаев  атындағы о/м), Талас (А.Пушкин атындағы о/м) аудандарының және Тараз қаласының (№3, №25, №47 о/м)  14 мектебіне вебинар өтті.       

Іс-шараның мақсаты – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету.

Вебинар барысында педагогтарға орыс тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың ерекшеліктері, басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар, орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту жолдары бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласы мектептерінен 61 педагог қатысты.

"Пәнді оқытуда оқу сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары" атты онлайн вебинар өтті

 2021 жылдың 2 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мен әдіскерлеріне арналған "Пәнді оқытуда оқу сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары" тақырыбында  Байзақ (Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі),  Жамбыл (№1 орта мектебі),  Жуалы (№19, №29 орта мектептер), Қордай (№27, №43 орта мектептер), Т.Рысқұлов (Ақтоған, Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептер),  Сарысу (Абылай хан, Б.Адамбаев атындағы орта мектептер), Талас (А.Пушкин атындағы орта мектебі) аудандарының және Тараз қаласының (№3, №25, №47 орта мектептер) 14 мектебіне облыстық вебинар өтті. Іс-шараға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 59 педагог қатысты.

          Іс-шара барысында шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру, жаңартылған орта білім мазмұны бойынша білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізудің тәртібі, пәнді оқытудың ерекшеліктері, пәнді оқытуда оқу сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары бойынша мәселелер талқыланды.

«Тарих пәнін оқыту ерекшеліктері», «Тарих пәнінен бағалауға арналған  тапсырмаларды әзірлеу» тақырыптарында облыстық вебинар өтті

2021 жылдың  2 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Тарих пәнін оқыту ерекшеліктері», «Тарих пәнінен бағалауға арналған  тапсырмаларды әзірлеу» тақырыптарында Байзақ (Н.Ақшабаев атындағы о/м), Жамбыл                 (№1 о/м), Жуалы (№19, №29 о/м), Қордай (№27, №43 о/м), Т.Рысқұлов (Ақтоған, Ә.Бөкейханов атындағы о/м), Сарысу (Абылай хан, Б.Адамбаев  атындағы о/м), Талас (А.Пушкин атындағы о/м) аудандарының және  Тараз қаласының (№3, №25, №47 о/м) 14 мектебіне облыстық вебинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету.

Вебинар барысында педагогтарға тарих пәнін оқытудың ерекшеліктері, әдістемелік бірлестік жұмысы, тәлімгерлік, жас мамандармен жұмыс жүргізу бағыттары, бағалау қағидаттары, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін таңдау және әзірлеуге қойылатын талаптар, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласы мектептерінен 57  педагог қатысты.