БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

«Қысқы мектеп» жобасы аясында информатика пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде семинар өтті

          2021 жылдың  1 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының  тәжірбиелі  мұғалімдері «Tinker CAD платформасы арқылы мектептегі робототехника және 3d модельдеу курстарын қашықтықтан оқыту», «Бөлім бойынша жиынтық тапсырмаларын  әзірлеу» тақырыбында информатика  пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн  режимінде вебинар өтті.

Аталған іс-шараға облыстың 226 информатика пәнінің мұғалімдері қатысты.                                                       

ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ

2021 жылдың 1 ақпанында  Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті  білім саласында  сапаны қамтамасыз ету департаментінің ағымдағы жылдың                                           І жартыжылдығында  жоспарланған профилактикалық бақылауынан өтетін жалпы білім беретін мектептердің  (облыс бойынша 14 мектеп) мектеп директорлары мен директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Білім мекемесінде басшылыққа алынатын нормативтік құжаттары және оның қолдану аясы»» атты облыстық вебинар өтті. Вебинарға    14 мектептің әкімшілігі, жалпы 56 адам қатысты.

          Вебинар барысында білім  мекемелерінде оқу процесін ұйымдастыру барысында басшылыққа алынатын нормативтік құжаттардан басқа білім беру ұйымдарының қызметін қамтамасыз ететін құжаттарының талапқа сәйкес толтырылуы, Ұлттық білім беру деректер қорының статистикалық деректерінің білім беру ұйымы деректеріне сәйкес толтырылуы, педагогтердің лауазымдық міндеттерін және педагогикалық этика нормаларының талаптары, білім алушылар контингенті бойынша білім беру ұйымдары бұйрықтарының бөлінісінде білім алушылардың сандық құрамын растау бойынша жүргізілетін алфавиттік кітаптың жүргізілуі, үлгілік оқу жоспарының инвариантты компонентінің орындалуын растайтын жоспарларының, сынып журналдарының жүргізілуі бойынша сондай-ақ, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты  шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға үшінші және төртінші тоқсандардағы БЖБ және ТЖБ саны бойынша ақпараттық-әдістемелік түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Мектептегі психологиялық қызметте ата-аналармен кеңес беру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру әдістерін жүйелеу» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2021 жылдың 29  қаңтар күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Мектептегі психологиялық қызметте ата-аналармен кеңес беру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру әдістерін жүйелеу»  тақырыбында облыстық вебинар өткізді.

Вебинардың мақсаты – білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және психологиялық қызметте  ата-аналармен  қашықтан оқыту жағдайында  жүргізілетін жұмыстарды   тиімді ұйымдастыру.

Вебинар барысында әлеуметтік-психологиялық қызметте ата-аналармен қашықтан оқыту жағдайында жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері мен  жұмыс бағыттарын жетілдіру бойынша ұсынымдар беріліп, тиімді әдістері талқыланды. Өткізілген іс-шараға барлығы  186 педагог қатысты.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл: тарих, деректер, зерттеулер» тақырыбында облыстық конференция өтті

2021 жылдың 29 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл: тарих, деректер, зерттеулер» тақырыбында облыстық конференция өтті.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі аясында мемлекетіміздің 30 жылғы тарихы мен жасампаз  жетістіктерін насихаттау.               

Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының ғалымдары қатысты.

Облыстық конференция барысында педагогтарға Тәуелсіз Қазақстанның егемендік жолындағы қол жеткізген табыстары, өскелең ұрпақтың санасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ғалымдардың зерттеулері мен пайымдары туралы ақпарат беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер, 189 тарих, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 200 педагог қатысты.

Маңғыстау облысының педагогтарымен тәжірибе алмасу вебинары өтті.

                 2021 жылдың 28 қаңтар күні Маңғыстау облысының білім қызметкерлері үшін «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында тәжірибе алмасу вебинары өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшісі, халықаралық зерттеулер бойынша облыстық координатор Ш.Жамалбекова тәжірибелік таныстырылым арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Вебинар барысында Байзақ ауданы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры Г.С.Ермекова, Тараз қаласы №24 гимназия директорының орынбасары О.В.Криштопина, Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдіскері, аудан үйлестірушісі А.Т.Бейбітова, Меркі ауданы Т.Рысқұлов атындағы №20 орта мектебі директорының орынбасары С.Д.Демесінова оқушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу  сауаттылықтарын арттырудың тиімді жолдарын көрсетті.

Аталған вебинарға  Маңғыстау облысы білім басқармасының 246 облыстық (аудандық) әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, мектеп директорлары мен оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Іс-шара барысында Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының директоры м.а А.А.Кашкинов, жаратылыстану-математика бөлімінің жетекшісі Ш.О.Қиянова халықаралық зерттеулер бойынша ашық диалогтық алаңда іс-тәжірибе алмасу бағытында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұжымына алғыстарын білдірді.