Әдістемелік көмек ТАРАЗ КАЛАСЫ БӘДӘМ ЛТОЛЬАЛУЫ ЛЬЛЬЛЬ ТРТОЬО Т ИТ - Оқу-әдістемелік кабинет

Әдістемелік көмек ТАРАЗ КАЛАСЫ БӘДӘМ ЛТОЛЬАЛУЫ ЛЬЛЬЛЬ ТРТОЬО Т ИТ

 «Внедрение и реализация исследования урока в школьную практику с целью улучшения качества преподавания и обучения»тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті

2021 жылдың 12 наурыз күні  «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже»  жобасының аясында «Үздік педагог-2015» байқауының жеңімпазы, Т.Рысқұлов ауданы, Б.Момышұлы  атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі С.Скребецтің  «Внедрение и реализация исследования урока в школьную практику с целью улучшения качества преподавания и обучения» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы  өткізілді.

Іс-шара барысында С.Скребец «Ұстаз – мектептің жүрегі»  бейнетаспасымен, педагогикалық электронды портфолиосының мазмұнымен, Lesson Study әдісінің мазмұны бойынша ұйымдастырылған жұмыс тәжірибесімен таныстырды. Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері, шығармашылық қабілетін арттыру бағытындағы әдіс-тәсілдер туралы іс-тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы 117 педагог қатысты.

  

 

«Ең үздік кітапхана» шеруі өтті

 «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын  арттыруда үлкен жетістік болып табылады. Сондай-ақ, бұл жоба арқылы балалар мен жастардың оқу сауаттылығы артады.

Осыған орай, аталған  жобаны іске асыру мақсатында  аудандық, Тараз қалалық білім беру  ұйымдарының  кітапханалары арасында   «Ең  үздік  кітапхана»   шеруі өткізілді.   Аталған іс-шараға  211 мектеп қатысты. Нәтижесінде, 13 мектеп кітапхананы рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкестігімен, «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша өткізілген іс-шараларымен,  мобильді кітапханасымен ерекшеленді.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 12 наурыз күні білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Арттерапия негіздері: теория және тәжірибе» тақырыбында облыстық вебинар өткізді.  Аталған іс-шараға барлығы  128 педагог қатысты.

        Іс-шара барысында арт-терапия негіздері тұлғаның креативтілігін, жеке өсуін дамыта отырып, оның шығармашылық белсенділігін пайдаланатын психотерапиялық және психокоррекциялық әдістері мен техникалары талқыланды.                                                                 

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу  жылына  арналған  Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың                 12 наурыз күні Жетекші мектептердің пән мұғалімдеріне арналған  «Серіктес мектептерге оқу процесінде критериалды бағалауды енгізуге қолдау көрсету»  тақырыбында тренинг өткізді. Zoom  бейнебайланыс режимі арқылы өткен семинарға  193 педагог қатысты.

Іс-шара барысында семинар қатысушылары қашықтан білім беру жағдайында оқыту әдістерін таңдауға әсер ететін факторлар, табысты сабақ критерийлер, оқытудың белсенді әдістері, төңкерілген оқыту әдісі бойынша тәжірибе алмасты. 

«Мектепте сабақты зерттеу (Lesson study) әдістері: тәжірибе және нәтиже»    тақырыбында қашықтан вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың  11 наурыз  күні «Мектепте сабақты зерттеу (Lesson study) әдістері: тәжірибе және нәтиже»  тақырыбында география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған  вебинар  өтті. Вебинарға  201  педагог  қатысты.

          Вебинар барысында география сабағында рольдегі оқушылар әдісі арқылы білім сапасы мен оқу  үдерісін  дамытудың  тиімділігін,  А,В,С деңгейіндегі оқушылардың іс-әрекетін бақылау арқылы зерттеу сұрағын таңдап оған деректер жинау арқылы, тәжірибе мен нәтижеге бағыттау жолдары  көрсетіліп, ақпараттық әдістемелік  көмек көрсетіліп, әдістемелік кеңестер ұсынылды.