Әдістемелік көмек ТАРАЗ КАЛАСЫ БӘДӘМ ЛТОЛЬАЛУЫ ЛЬЛЬЛЬ ТРТОЬО Т ИТ - Оқу-әдістемелік кабинет

Әдістемелік көмек ТАРАЗ КАЛАСЫ БӘДӘМ ЛТОЛЬАЛУЫ ЛЬЛЬЛЬ ТРТОЬО Т ИТ

 «География сабағында қалыптастырушы бағалаудың түрлері мен әдістері»    тақырыбында  семинар өтті

      Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 3 наурыз күні «География сабағында қалыптастырушы бағалаудың түрлері мен әдістері» тақырыбында  география пәні мұғалімдеріне арналған  онлайн режимінде семинар  өтті.

       Аталған іс-шараға 217 педагог қатысты.

       Семинар барысында география пәні мұғалімдеріне  қалыптастырушы бағалау  арқылы  оқудағы  өзін-өзі  реттеуді  дамытудың түрлері мен әдістерін тиімді қолдану, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыру алгоритмінің нәтижесін арттыруға бағытталған әдістемелік  кеңестер  ұсынылып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы оқушылардың  қабілеттерін  дамыту  бойынша  әдістемелік  көмек  көрсетілді.

ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Қашықтан оқыту жағдайында мектепті басқару жүйесінің сапалы ұйымдастырылуы, білім сапасын арттырудың тиімді жолдары бойынша әдістемелік көмектер көрсету, жас мектеп басшыларының  басқару мәдениетін дамыту, ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2021 жылдың 3 наурызында «Қашықтықтан оқыту жағдайында мектепті дамыту жоспарын сапаға бағыттау жолдары» атты облыстық онлайн тәжірибелік семинар өтті.

Тәжірибелік онлайн семинарға мектеп басшыларымен жұмыс жүргізетін жауапты әдіскерлер, жаңа тағайындалған мектеп директорлары, барлығы 160 адам қатысты.

          Іс-шара барысында мектеп басшыларына білім мекемесінің даму жоспарының диагностикалық талдауының тиімді жүргізілуі, мектептің басымдықтарын анықтау жолдары, педагог қызметкерлердің кәсіптік тұлғалық ерекшеліктері және білім беру ұйымы қызметінің аспектілері мен бағыттарының толық қамтылу жолдары, креативті жобаларды қолдану арқылы білім сапасын жақсарту, фунционалдық міндеттерді бөлу және командалық жұмысты ұйымдастыру дағдысын дамыту жолдарын нәтижеге бағыттау туралы, сондай-ақ, Меркі ауданы, Т.Қожакеев атындағы №39 мектеп-гимназиясының қашықтан оқыту жағдайында мектепті дамыту жоспарының ерекшеліктері және мекемені басқаруды жүйелі ұйымдастыру жолдарымен тәжірибе алмасып, тәжірибелік семинарға қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік көмектер  ұсынылды.

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда PISA, TIMSS тапсырмаларының өзектілігі мен ерекшеліктері» математика, физика пәндерінің мұғалімдеріне онлайн режимінде  семинар-практикум  өтті.

            2021 жылдың  1 наурыз  күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  ZOOM бейнебайланыс режимінде аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, математика, физика  пәндері мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда PISA, TIMSS тапсырмаларының өзектілігі мен ерекшеліктері» тақырыбында семинар-практикум өтті.

          Семинар барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда халықаралық зерттеу тапсырмаларының өзектілігі, құрылымы мен ерекшеліктері, PISA, TIMSS тапсырмаларын сабақ барысында тиімді қолдану, есептерін шығару жолдарының түрлі тәсілдерін көрсету бойынша ұсынымдар берілді. Әдістемелік көмек беріліп, педагогтар  өзара тәжірибе алмасты.

«Бастауыш сыныптарда  TIMSS,  PIRLS халықаралық  зерттеулері негізінде функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық  семинар-практикум  өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021  жылдың 2 наурыз  күні  аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері мен  бастауыш сынып мұғалімдері үшін  «Бастауыш сыныптарда  TIMSS,  PIRLS халықаралық  зерттеулері негізінде функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың өзекті мәселелері» тақырыбында  облыстық семинар-практикум өтті.  «Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға 300 педагог қатысты. 

Семинар  қатысушылары  TIMSS,  PIRLS халықаралық  зерттеулеріннің нәтижелері мен дайындық жұмыстары, зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық  сауаттылығын дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс түрлері бойынша тәжірибе алмасты.

 «Идеи, воплощенные в опыт: современные подходы в работе с одарёнными детьми»  тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті

2021 жылдың 26 ақпанында  «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже»  жобасының аясында «Үздік педагог-2014» байқауының жеңімпазы, Тараз қаласы №31 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Андрей Михайлович Сонның  «Идеи, воплощенные в опыт: современные подходы в работе с одарёнными детьми»  тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы  өткізілді.

Іс-шара барысында А.Сон «Менің жүрегімнің мектебі» бейнетаспасымен, педагогикалық портфолиосының мазмұнымен таныстырып, «Технология пәні бойынша сыныптан тыс және сабақ барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы зерттеу жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар, «Мектептің ұжымдық радиостанциясы» атты әлеуметтік жобасымен, үйірме мүшелерімен  ТМД – нің көп елдерінде және шетелдерде радиоқұмарлармен алты мыңнан астам радиобайланыс сеансын өткізу тәжірибесін ұсынды.

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы 217 педагог қатысты.