Білім беру мазмұнын жаңарту аясында Жамбыл облысы бойынша мектепалды даярлық сынып педагогтарына арналған тамыз педагогикалық кеңесінің секциялық отырысы өтті
2019 жылы 26 тамыз күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Тараз қаласындағы филиалы Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, «Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде мектепалды даярлық сыныптарында білім беру үдерісін модельдеу» тақырыбында мектепалды даярлық сынып педагогтарына арналған облыстық тамыз педагогикалық кеңесінің секциялық отырысы өтті. Аталған іс-шараға облыс бойынша 240 педагог қатысты.
Секция отырысында мектепалды даярлық топтары мен сыныптарда білім беру үдерісін ұйымдастырудың жаңа тәсілдері туралы ақпарат беріліп, педагогтар электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Оқу жетістіктерін критериалды бағалау бастауыш сынып оқушылардың құзыреттілігін арттыру ресурсы ретінде» тақырыбында секция отырысы өтті
«БІЛІМ – ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДАҒЫ ТАБЫСТЫҢ КІЛТІ» тақырыбында қоғамдық пән мұғалімдеріне арналған облыстық онлайн режимінде өткізілген Тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.
«Бағдарлы оқыту – жаңа форматтағы ҰБТ-ға дайындық барысында жаратылыстану-математикалық бағытындағы мектеп бітіруші түлектердің құзыреттілігін қалыптастыру құралы ретінде» тақырыбында облыстық онлайн режимінде тамыз кеңесінің секция отырысы өтті