«Саморегуляция учащихся», «Организация диалога на уроке» тақырыптарында облыстық вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, 2019 жылдың 22 мамыр күні педагогтар үшін «Саморегуляция учащихся», «Организация диалога на уроке» тақырыптарында облыстық вебинар өткізді.
Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мұғалімдері, барлығы 2802 педагог қызметкерлері қатысты.
Іс-шара бағдарламасына сәйкес вебинар қатысушыларына оқушылардың өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бағалау жолдарын меңгеру кезіндегі мұғалімнің негізгі міндеттері, диалогтік оқыту әдістері мен проблемалық диалогтың ерекшеліктері бойынша оқу процесінде қолданылатын практикалық тапсырмалар ұсынылды.
«Туған өлке – тұнған шежіре» атты облыстық онлайн сабағы өткізілді
«Жеке тұлға бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру негіздері» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті
Облыстық «Сабақ үдерісін жан-жақты талдау (Lesson Study) арқылы оқушының білімін жетілдірудің жолдары» тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өтті
«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында география пәнін оқытуда әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.