«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы физика пәнінен сабақ беретін жас мамандарға вебинар өтті
2024 жылдың 13 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Зерде» жобасы негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден сабақ беретін жас мамандардың өзара тәжірибе алмасу арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының тәжірибелі физика пәнінің мұғалімі А.Аманжол «Разработка и применение заданий формата МОДО по физике» тақырыбында жас мамандарға вебинар өтті.
Іс-шара барысында оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша ББЖМ-дегі кездесетін деңгейлік тапсырмаларды анықтау, құрастыру және шешудің тиімді шығару жолдары мен әдіс-тәсілдерін қолдану құрылымы көрсетілді. Педагогтерге әдістемелік көмек берілді, өзара іс - тәжірибесімен бөлісті. Аталған вебинарға облыстың 74 педагогі қатысты.
БІЛІМ БӨЛІМДЕРІНІҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУҒА ЖАУАПТЫ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
«География пәнінен ҰБТ- да кездесетін күрделі тест тапсырмаларымен жұмыс» тақырыбындағы география пәні мұғалімдеріне арналған шеберлік сынып өтті.
«Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала», «Ханталапай» атты облыстық байқаулары өтті
Қыз бала тәрбиесіндегі құндылықтар жүйесі» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті